Әлемдік жағдай қорғаныс саласына қайта қарауды қажет етеді

Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан армиясын ең озық цифрлық технологиялармен және құралдармен жарақтандырудың, әскерлерді нақты қауіп-қатерлерге сүйене отырып, қазіргі заманғы қару-жарақ түрлерімен жарақтандырудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Әуе шабуылына қарсы күшті қорғаныс құру, радиоэлектрондық күрес элементтерін дамыту, әскерлердің ұтқырлығын арттыру мақсатында әскери-көліктік авиация паркін ұлғайту. 2020 жылдың 19 қарашасында өткен жиналыста Жоғарғы Бас қолбасшы алдымызға үлкен міндеттер жүктеді. Сонымен Әуе қорғанысы күштерінің қазіргі әлеуеті қандай? Азды-көпті сараптама жасап көрсек.

Әуе қорғанысы күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасының құрамы соңғы бірнеше жылда айтарлықтай өзгерді.
Қайта жарақтандыру бағдарламасына сәйкес авиациялық базалар 2015 жылдан бастап жыл сайын Су-30СМ көпфункционалды жойғыштары, Ми-35 М жауынгерлік тікұшақтары, Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшақтары, С-295 әскери-көліктік ұшақтары және пилотсыз ұшу аппараттары сияқты қазіргі заманғы ұшу аппараттарын алды. Нәтижесінде Қазақстанның барлық авиациялық базалары жаңа техникаға қайта жарақтандырылды.
«Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қару-жарағы заманауи үлгідегі бірнеше ондаған бірлік жеткізілді, олардың ішінде жаңғыртылған С-300 зениттік зымыран кешендері, GM-403 «Нұр» және «Роса» радиолокациялық станциялары, қазіргі уақытта «БУК-М2Э» жаңа зениттік зымыран кешенін қабылдау жүзеге асырылуда», - деп атап өтті ҚР ҚК  Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.
Нәтижесінде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің қазіргі заманғы қару-жарағының үлесі қазірдің өзінде 50 пайыздан асқан.

Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысының айтуынша, қазіргі уақытта Әуе қорғанысы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің жай-күйі жалпы әскерлердің күнделікті қызмет іс-шараларын жүргізу кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырады, ал Әуе қорғанысы күштері бөлімдерінің қару-жарақтарының, әскери және арнайы техникасының мүмкіндіктері олардың белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге қабілетті.
Соңғы жылдары ұшқышсыз авиацияның дамуы бүкіләлемдік тенденцияға айналды.  Тіпті қарқынды дамып келеді. Бүгінде олар әлемде қарулы қақтығыстарда да, іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де кеңінен қолданылады. Қару-жарақтың бұл түрі Қазақстан армиясына да белсенді түрде енгізілуде.
Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық паркі де «SkyLark» және «WingLong» ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықталған, олар барлау жүргізуге және шартты қарсыластың позицияларына зымыран-бомбалық соққылар жасауға арналған.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары жауынгерлік тиімділікті едәуір арттырады және басқарылатын авиацияға жүктемені азайтады. Оларды нысанға бағыт көрсету үшін, артиллерияның атысын түзету, жердегі нысандарға соққы беру, ерекше маңызды объектілер мен олардың элементтерін жою үшін қолданады.
Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі мамандарды Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында дайындайды. Ал ұшқышсыз ұшу аппараттарын дайындау және жауынгерлік қолдану орталығында операторлар біліктілігін арттыратынын және нұсқаушылар оқытатынын да атап өту қажет. Жыл сайын олардың базасында оқу-әдістемелік жиындар өткізіледі.
Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов атап өткен тағы бір жайт – ұшқышсыз ұшу аппараттарына регламенттік жөндеу жұмыстарын жүргізу арнайы жабдығы бар авиациялық техникалық бөлімнің жеке құрамының күшімен жүргізіледі екен. Осы әскери бөлімнің мамандары толықтай оқу курсынан өтеді, орындалатын жұмыстарға арнайы рұқсаттары мен сертификаттары бойынша жіберіледі.


Жауынгерлік даярлық жүйесіне келетін болсақ, ол әуе шабуылы құралдарының дамуын және оларды қолдану тәсілдерін ескере отырып, үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл іс жүзінде жеке құрамды ауада күресудің жаңа әдістері мен тәсілдеріне үйретуге мүмкіндік береді. «ТМД ӘШҚҚ әскерлерінің біріккен жүйесінде бірлескен жұмыс, халықаралық, түраралық оқу-жаттығуларға, сондай-ақ Халықаралық армия ойындарына қатысу барысында үлкен тәжірибе жинақталады. Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру бойынша үнемі талдау жүргізіледі. Алынған тәжірибе жауынгерлік даярлық курстары мен бағдарламаларын түзету, әдістемелік нұсқауларды әзірлеу кезінде қолданылады және Әуе қорғанысы күштері жеке құрамының жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру үшін пайдаланылады», - дейді Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы. ӘҚК құрылымдық бөлімшелері жауынгерлік даярлығының Қарулы Күштердің басқа түрлерінен және әскер тектерінен ерекшелігі ол барлық бөлімшелердің үнемі жауынгерлік әзірліктегі бөлімдері болып табылатынында және Қазақстанның әуе кеңістігін қорғап, тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарауында. Қамтамасыз ету түрлері бойынша оқу-жаттығу – басқару органдарының жауынгерлік іс-қимылдарға жедел даярлығының, сондай-ақ құрамалардың, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік дағдысын жетілдіру мен тексерудің, олардың қойылған оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлігінің тиімді нысаны. Мысалға алатын болсақ, Әскери-әуе күштерінің бөлімдерінде, біріншіден, бұл – негізгі орналасу әуеайлақтарында да, далалық жағдайларда да әуе кемелерінің ұшуын әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ авиациялық техниканы ұшуға тікелей дайындау. Екіншіден, авиациялық техникада регламенттік жұмыстарды орындау және оны ұрысқа жақын жағдайларда жылжымалы жөндеу тобының құралдарымен қалпына келтіру. Үшіншіден, ұшу-қону жолағын қалпына келтіру, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде авиациялық зақымдау құралдарын, жанар-жағармай материалдарын сақтау және жеткізу орындарын ұйымдастыру үшін жиынтық автомобиль бөлімшелерін әуеайлаққа кетуге дайындау. Ал Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде материалдық-техникалық қамтамасыз етудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені зениттік басқарылатын зымырандарды дайындау және тексеру, оларды көліктік-оқтау машиналарында зениттік зымыран дивизиондарының жауынгерлік позицияларына жеткізу, далалық жағдайларда жауынгерлік кезекшілікті атқарумен тіршілік әрекетін ұйымдастыру, бөлімшелердің істен шыққан инженерлік-техникалық құрамының техникасын жөндеу және қалпына келтіру. Қамтамасыз ету түрлері бойынша оқу-жаттығулар жыл сайын өткізіліп тұрады. Олар жеке құрамды іс жүзінде оқытуға, олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Әскерлерге қамтамасыз ету түрлерін ұйымдастыру бойынша алынған тәжірибені енгізу жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде қамтамасыз ету іс-шараларын орындау сапасын жақсартады. «Бүгінде Әуе қорғанысы күштерінің алдында тұрған міндеттердің сәтті орындалуы көбінесе жауынгерлік шеберлікке, ұшу, инженерлік-техникалық құрамның кәсіби шеберлігіне, зениттік зымыран кешендері есептеулеріне, байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарына және басқаларға байланысты. Бізге барлық жақсы қасиеттер мен қабілеттерді іс жүзінде қолдана отырып, көптеген өмірлік мән-жайларға қарсы тұра білу және күштірек бола білуіміз қажет», -дейді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов. Иә, жаһандық деңгейде де, жекелеген аймақтарда да жиі өзгеріп жатқан әлемдік ахуал, мемлекетаралық қақтығыстар, көрші ел шекарасына көз сүзу, тұтастығына нұсқан келтіру секілді сценарийлерден кейін біздің қорғаныс саласының қырағы болмасқа, белді бекем буып, бел шеше жұмыс істеуден басқа лажы да жоқ. Меруерт САФАЕВА

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"