Сарышаған полигонында сынақтан өткен жаңа техника (ФОТО)

Сарышаған полигонында жаңа «Бук-М2Э» зениттік зымыран кешенін әскери сынақтан өткізу аяқталды.  Жаңа кешеннің жұмысымен танысу бір апта көлемінде өткен еді. «БУК-М2Э» зениттік зымыран кешені маневрлік ұшақтар, оқпен қолдау тікұшақтары, тактикалық баллистикалық, радиолокацияға қарсы және круиздік зымырандар, басқарылатын авиабомбалар, барлау және соққы беретін пилотсыз аппараттар, тіпті жерүсті нысандары сияқты кез келген аэродинамикалық нысандарға соққы бере алады.

Сонымен журналымыздың бүгінгі санында біз оқырман қауымды еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне әкелінген жаңа техника – «Бук-М2Э» зениттік зымыран кешенімен таныстырамыз.

      Әскери сынақ қыстың қақаған суығында Балқаштың солтүстік-батыс аймағында өтті. Сарышаған мемлекеттік полигонында кешенді қабылдау барысында біздің қазақстандық есептеулермен марш жасау, позицияларды иелену бойынша нормативтер пысықталды және жауынгерлік оқ атулар орындалды. Нысана жағдайының күрделілігіне қарамастан, барлық ұшырылған нысандар табылып, соққыға жығылды.

      «Бук-М2Э» – жаңа сандық элементтік база қолданылған, соңғы технологиядағы жетілдіруден өткен ұтқыр зениттік-зымырандық кешен. Өз саласында өте тиімді құрылғы болып саналатын ол еліміздің Шығыс шекарасын қорғайтын болады. Бұл кешенді өндіруші ресейлік концерн өкілдері сынақ алаңында болып, Қазақстан тарапына кешенді тапсырудың соңғы кезеңіне қатысты. Дивизион құрамына бірнеше әскери машина кіреді. Атап айтқанда, олар: радиолокатор, мақсатты анықтаушы станция, команда пункті, оқтау-ұшыру құрылғысы және арнайы зертханасы бар жөңдеу шеберханасы.

   «Бук-М2Э» кешенінің ең басты артықшылығы – оның аса жоғары ұтқырлығында. Дивизионды кез келген уақытта еліміздің кез келген нүктесіне ауыстыруға болады. Және ол бірден жауынгерлік кезекшілікке тұрады. Ал бұл – территориясы үлкен және көрші елдермен шекарасы бірнеше шақырымға созылып жатқан Қазақстан үшін өте маңызды дүние.

          «Бук-М2Э» – бұл орта қашықтықтағы кешен. Әуе нысандарын зақымдау қашықтығы 40 шақырымға дейін жетеді. Ол стратегиялық және тактикалық авиация ұшақтарын, тікұшақтар мен қанатты зымырандарды зақымдауға арналған.

Нұрлан Орманбетов, ҚР ҚК ӘҚК Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты:

 

–      «Бук-М2» орта қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары арасында өзі тәріздес техниканың үздігі деп атауға болады. Жеткізілген кешен әуе кеңістігін және жауапкершілік аймағындағы маңызды объектілерді қорғау үшін әскерлердің жауынгерлік мүмкіндіктерін едәуір арттырады. Сынақтардан кейін ол елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне біріктіріліп, жауынгерлік кезекшілікке түсетін болады.

    Цифрлық жүйе енгізілген «Бук-М2Э» әскери жойғыш техникасы жер талғамайды. Құрлық пен әуеде қозғалған нысанды өзі көздеп, ата алады. «Бук» толық жиынтығы 15 метрден 25 шақырымға дейінгі биіктікте кез келген бағытта ұшып жүрген 24 нысанды бір уақытта атуға қабілетті. Нысанаға дөп тигізу дәлдігі 80-99 %-ға дейін жетеді.

    Қайрат Садықов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысы, генерал-майор:

–      Бұл кешен – автоматтандырылған жүйе. Мұны офицерлер өздері қояды. Бағдарламаны қойса, өзі тауып ата береді. Бұл – дамыған кешен. Бұл кешеннің болашағы бар. Бұл кешен кішігірім пилотсыз ұшақтарды да ала беретініне осы жаттығуда көзім жетті. Бағдарлама бойынша біз жібердік. Өзін жақсы жағынан көрсетті.

    «Бук-М2Э» радио толқындарды қарқынды бейтараптандыру жағдайында шағын және орта биіктіктегі (30 метрден 18 шақырымға дейін) маневрлік аэродинамикалық нысандарға төтеп бере алады. Зениттік зымыран кешенін, негізінен аэродинамикалық және баллистикалық мақсатта қолданады. Тактикалық баллистикалық және қанатты зымырандар 100 метр биіктікте 20 шақырым қашықтықтағы нысанды жоя алады. Нысанды жоюдағы жоғары жылдамдығы – 1200 м/с.

      «Буктің» бірегейлігі оны жеке құрамды үнемі жер-жерге орналастырып жаттықтыруға қолдануға да болады. Кешеннің барлық жауынгерлік қосалқы жүйесі газқұбырлы қозғалтқышты шыңжыртабан тас жолда орналасқан.

Қайрат Садықов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысы, генерал-майор:

–      ҰҚШҰ және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық шеңберінде ӘШҚҚ әскерлері «Бук-М2» заманауи көпарналы зениттік зымыран кешенін алды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қорғаныс министрлігінің басшылығы коронавирус пандемиясына байланысты күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, мемлекет қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Қару-жарақ нарығын зерттеу нәтижесінде біз осы кешенді таңдадық. Бұл кез келген жерде кез келген объектінің әуе қорғанысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әуе шабуылының барлық түрлерімен күресуге қабілетті. Бір уақытта 24 әуе нысанын жоя алады. Менің түсінуімше, «Бук-М2Э» зениттік зымыран кешені біз үшін қарудың жаңа түрі болып табылады.

 

    Қазіргі қарулы қақтығыстарда авиация мен ұшқышсыз қару үлкен рөл атқарады. Бұған келтіретін мысал жеткілікті. Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысы осы ретте Таулы Қарабақ соғысындағы оқиғаны еске алды. Барлау-соққы машиналары белгілеп, зымыран жіберілгенімен, ол тіпті бұрылып, кетіп үлгерместен үлкен кешендерді ұшқышсыз ұшу аппараттары атып тастаған болатын. Ал бұл кешеннің бір ерекшелігі ұрыс шебін үнемі өзгертіп отыруға болады. Сондықтан «Бук-М2» зениттік зымыран кешені сияқты әуе қорғанысының заманауи кешендері ауадан қазіргі қауіп-қатерлерге төтеп бере алады.

    Бұл кешеннің бірінші ерекшелігі – ұтқырлығы болса, екіншіден, ол көпарналы, кез келген топтастыру, әкімшілік өнеркәсіптік орталық, кез келген объектіні жаба алады. Жоғары көтеріліп, айналып, артқа ата алады. Ал ұтқырлық – бүгінгі заман талабы.

   «Қазақстан ҰҚШҰ-ның белсенді қатысушысы болғандықтан, ресейлік тараппен келісімшарт негізінде қару-жарақ біздің елге экспорттық бағадан әлдеқайда төмен, Ресей әскеріне белгіленген бағамен берілді. Келісімшарт бойынша, сондай-ақ бұл концерн базасында біздің әскери қызметшілерді оқыту да көзделген», - дейді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысы Қайрат Садықов.

   Экипаждың командалық және жеке құрамы Ресей Федерациясының мамандандырылған оқу орталығында сапалы қайта оқытудан өтті.

Ерік Рақымжанов, зениттік зымырандық дивизион командирі:

–      Біз Ульяновск қаласындағы Ресей Федерациясының Ульяновск техникалық зауытында қайта оқытудан өттік. Бізге өз саласының кәсіби мамандары сабақ берді. Осы оқу-жаттығуда қабылдау, тексеру жаттығуларында біріншіден, аэродинамикалық нысанның көзін жою және де баллистикалық нысаннан 24 шақырым арақашықтығында көзін жою болды. Жеке құрам барлық нормативтерді үздік бағаға орындадық.

     Енді жаңа зениттік зымыран кешені еліміздің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінде өз орнын алады және біздің аспанды қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікке түседі.

                                             Меруерт САФАЕВА

 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"