Ұшқышсыз ұшу аппараттары: Қазақстан әскерінің қару-жарағында заманауи технология

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді енгізу және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының пайда болуы әскерлер мен қару-жарақты қолдануда нақты жаңашылық болды. Бүгінде олар қарулы қақтығыстарда да, сондай-ақ іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де кеңінен қолданылуда.
Қару-жарақтың бұл түрі Қазақстан әскерінде белсенді түрде енгізілуде. Қарулы Күштердің Құрлық әскерлері «SkyLark» тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықталған. Ол 10 км² аумақты бақылауға арналған, базадан 40 шақырым қашықтықта бірнеше жүздеген метр биіктіктен жердегі жеке адамдарды көруге және суретті оператордың мониторына беруге қабілетті.
78f9500b-7057-488b-b4ee-1ceb0a949827.jpg
Әскери-әуе күштерінің тізімінде «WingLoong» барлау-соққы беру кешені бар. Ол әуе барлауын жүргізу міндеттерін ғана орындап қоймай, басқарылатын зымырандар мен бомбаларға жоғары дәлдікті соққы беруге де қабілетті.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары арнайы инфроқұрылымды талап етпейді. Бұл ретте олар, жауынгерлік тиімділікті айтарлықтай арттырып, басқарылатын авиацияға жүктемені төмендетеді. Оларды мақсатты айқындауға, артиллерия атысын түзетуге, жердегі нысанаға соққы беруге, аса маңызды нысаналар мен олардың элементтерін жедел тереңдікте жою үшін қолданылады.
c17f7af7-683c-4dd3-8fd9-2d2fe5142414.jpg
Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде ҚР Қарулы Күштерінен ұшқышсыз ұшу апараттарының есептері тартылды. Олардың көмегімен 80-ге жуық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда рұқсатсыз адамдардың және көлік құралдарының карантиндік аймақтардан тыс жерлерге өтуі.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қамтамасыз ету мен пайдалану бойынша мамандарды Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында дайындайды. Тараз қаласында ұшқышсыз ұшу аппараттарын дайындау және жауынгерлік қолдану орталығы құрылды. Ол жерде операторлар біліктілігін арттырып, нұсқаушыларды оқытады. Сондай-ақ жыл сайын оқу-әдістемелік жиындар да өткізіледі.
2 Войсковая стажировка 4.jpg
Қазақстандық әскери қызметшілер біліктіліктерін Армия халықаралық ойындары барысында да шыңдай түседі. Қазақстан жыл сайын елімізде өткізілетін «Сұңқар аңшылығы» ұшқышсыз ұшу аппараттарын есептеу сайысының бастамашысы болды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы сайыста бірінші орынға ие болуы, бұл біздің елімізде қару-жарақтың осы түрін табысты қолдану мен дамуын айқындай түседі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Буксируемые гаубицы

Буксируемые гаубицы