Ямполь дивизиясының ерлігі – ұрпаққа үлгі

Ямполь дивизиясының ерлігі – ұрпаққа үлгі

8-ші атқыштар Ямполь дивизиясы 1941-ші жылы желтоқсан айының соңынан 1942-ші жылдың ақпан айына дейін жасақталды.

Құрамы Семей және Куйбышев облыстарының жауынгерлері мен офицерлерінен құралды. Дивизияға 151-ші, 229-шы, 310-шы атқыштар және 62-ші артиллериялық полк пен жеке батальондар қарады. Штаб Семей облысында орналасып, дивизияға Иван Иванович Иванов, Александр Иванович Шестаков, Порфирий Мартынович Гудзь басшылық етті. Семей облыстық коммунистік партиясы жіберген 300 коммунист пен комсомолдың көбі командир мен саяси қызметкерлер атанды. Басым бөлігінің ұлты қазақ болды. 8-ші атқыштар дивизиясы соғыстың алғашқы жылында 48-ші армияның, кейін Николай Павлович Пуховтың жетекшілігіндегі 13-ші армияның құрамына енді. Дивизия ұрыстың алғашқы күндері, яғни 1942 жылдың 9-10 шілдесінде Воронеждің солтүстігінде орналасқан Ливны қаласының маңындағы жаудың қимылын тоқтатты. Сталинград түбіндегі шайқаста жеңіске жеткен дивизия 1942-1943 жылдың қыс айларында кеңес әскері үшін маңызды орын алған Воронежск-Касторненск операциясына да қатысты. Ал, Курск доғасындағы шайқас 1943 жылдың 5 шілдесі мен 23 тамыз аралығында барлығы 50 күнге созылды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы ірі оқиғалардың бірі – Курск шайқасына екі жақтан 4 млн адам, 70 мың қару-жарақ, 13 мыңға жуық танк және 11 мың жауынгерлік ұшақ қамтылды. Неміс армиясының қолбасшылығы «Тигр» және «Пантера» жаңа ауыр танкілері мен «Вульф-190А» қаруының қолданысына үлкен үміт артқан еді. Хмельницкая облысындағы Ямполь қаласын жаудан қорғағаны үшін 8-ші атқыштар дивизиясына «Ямполь» дивизиясы деген құрметті атақ берілді. 8-ші Ямпольск дивизиясы соғыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 1945 жылы 19 ақпанда Қызыл Ту орденімен марапатталды. Осы жылдың мамыр айында жауынгерлік үлесі үшін дивизияға екінші дәрежелі Суворов ордені берілді. Дивизия жауынгерлері Польша мен Чехословакияны азат етуге де қатысты. Дивизия жауынгерлік жолын Чехословакия астанасы – Прага қаласында аяқтап, 1945 жылы 29 маусым күні таратылды. Барлығы 40920 немісті өлтіріп, 11760 адамды тұтқынға түсірді. Соғыс уақытында 20 мыңға жуық сарбазы мен сардарынан айрылды, 30 мыңнан астамы жарақат алды. Ержүректілігі үшін 46 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың 15-і бұрынғы Семей облысынан: Николай Силин, Гаврил Будник, Андрей Огнев, Зәкәрия Белібаев, Жанғазы Молдағалиев, Қойкелді Аухадиев, Сергей Батиньков, Серікқазы Бекбосынов, Иван Варепо, Сергей Елистратов, Владимир Засядько, Кенжебек Шәкенов, Юрий Занудин, Василий Шулятников, Петр Железняков. Сондай-ақ, 12 адам үшінші дәрежелі Даңқ орденінің кавалері атанды. Олардың арасында семейлік А.Кузнецов бар.

   Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 8-ші атқыштар Ямполь дивизиясына арналған стенд бар. Онда мынадай дерек жазылған: «1941 жылдың күзінде Семей қаласында 8-ші атқыштар дивизиясы жасақталып, оның бөлімшелері жауынгерлік әзірліктен өтті. 1942 жылы 1-ші сәуір күні дивизия майданға Семейден аттанды. 24 күн жол жүріп, Мәскеу түбіндегі Тула қаласының Сталиногорск (қазіргі Новомосковск) станциясына жетті. 8-ші дивизия1942 жылдың шілде айының 9-10 күндері Воронеж қаласының солтүстік аймағындағы Ливны қаласының учаскелерінде жаудың шабуылына тосқауыл қойды. 1943 жылдың қаңтарында Ұлы Отан соғысының барлық майдандарында Кеңес Армиясының қысқы шабуылы басталғанда дивизия құрамы ірі темір жол торабы – Касторнаяны жаудан тазартты. Бұл станцияда 2000 неміс солдаты қолға түсті. 40 қару-жарақ, 1000 автомашина, 500 ат, 15 танк, соғысқа қажетті мүлік тиелген 800 вагон және 6700 автомашина жойылды. Бұдан соң дивизия Малоархангельск станциясы мен Курск маңында қан төгіс ұрыс жүргізді. Десна, Днепр, Припять өзендерін кесіп өтіп, Украина жерін жаудан тазартты. Жеңіс күнін Чехословакия астанасы Прагада қарсы алды. Майданда қолбасшылықтың тапсырмаларын үздік орындағаны үшін 8-ші атқыштар дивизиясы Қызыл ту және II дәрежелі Суворов ордендерімен марапатталды. «Ямполь дивизиясы» деген құрметті атақ алды. Әйгілі дивизия 50-ге жуық Кеңес Одағының Батырын тәрбиелеп шығарды. Солардың бірі: Кеңес Одағының Батыры, 151-інші полктың запастағы подполковнигі Николай Силин».


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа