Тоқтар Әубәкіров - Айдын Айымбетов. 5 сәйкестік

Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылдың қыркүйегінде үшінші ғарышкеріміз Айдын Айымбетов зәу көкке жолдама алды. Тоқтар ағамыз оған ақ батасын беріп аттандырған. Енді қарасақ, екі батырымыздың өмірдерегінде көптеген ұқсастықтар бар екен.

Екеуі де бір айда, бір күнде өмірге келген екен. Туған күндері - 27 шілде. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылдың, Айдын Айымбетов 1972 жылдың жазында дүние есігін ашқан. 27 шілдеде бұл азаматтардан бөлек Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Ләззат Асанова, белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов та туылыпты. Туған күндер тарихына үңілсеңіз, басқа да тұлғалардан осы тақылеттес сәйкестіктер байқауға болады. Мысалы,  ұлтымыздың ұлы жазушылары Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза және Оралхан Бөкей 28 қыркүйекте, яғни бір күнде туған. Ал Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафин бір жылда туылып, бір жылда қайтыс болды.

         Негізгі кейіпкерлерімізге оралайық. Қос ғарышкер арасындағы екінші ұқсастық: Тоқтар Оңғарбайұлы да,Айдын Ақанұлы да бір оқу орнының -  Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінің түлектері. Тоқтар Әубәкіров 1969 жылы, ал Айдын Айымбетов 1993 жылы оқуды аяқтаған. Арасы - 24 жыл. Үшіншісі, Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы ұшса, Айдын Айымбетов 2015 жылы көкке көтерілді. Арасы - 24 жыл. Қызық емес пе?

         Төртінші сәйкестік. Тұңғыш ғарышкер 2 қазанда, ал Айдын ағамыз 2 қыркүйекте ғарыш сапарына аттанды. Күнтізбеге қарасаңыз, екеуі де аптаның сәрсенбісіне тура келген.

         Соңғы және ең қызық сәйкестік: Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқандағы командирі – Александр Волков болатын. Ал Айдын Айымбетовтың командирі Александр Волковтың ұлы - Сергей Волков!

         Мұның барлығын жай сәйкестік дерсіз, дегенмен мықты тұлғалар арасында біз түсіне бермейтін құпия байланыстар болатыны рас сияқты. Осы фактілердің барлығын Тоқтар Әубәкіровпен өткен кездесуде өзіне айтып бергенімізде, таң-тамаша қалған. Содан кейін біз "Осыншама ұқсастық болатындай Айдын екеуіңіздің араңызда қандай байланыс бар?" деп сұрағанымызда, "Айдын - менің балам!" деп әзілдеп еді. Расында, қазақтың батырлары ізбасарларына осылай қамқорлық жасап, қолдап жүргені  жарасымды емес пе?

 

Абай Сейфуллаұлы, 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"