Тарихтан тәбәрік: Қазақ хандарының хаттары

Қазақ хандығының 150-ден астам хаты Қытай мұрағаттарында сақталған. Тарихи құжаттардың арасынан қазақ хандары мен сұлтандарының Цинь империясының монархтарына жазған хаттары табылды.

Солардың бірі – Қанқожа сұлтанның 1790 жылы Тарбағатай губернаторына жазған хаты. Қанқожа сұлтанның жеке мөрі басылған хат шағатай тілінде жазылған. Тарихшы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының айтуынша, Қанқожа сұлтан хатында Тарбағатай губернаторына қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағына қоныстанатынын хабарлайды. Қытай мұрағатынан табылған деректерге сүйенсек, қазақ хан-сұлтандарының ішінде алғаш болып 1757 жылы Цинь патшасы Чян Лұңға Абылай хан хат жазған. Онда қазақ ханы екіжақты қарым-қатынастардың басталуымен құттықтап, қуанышын жеткізген.

Өз хаттарында Чян Лұң мен Абылай елшілерді тағайындау, лауазымдарды бекіту жөнінде ақылдасқан. Тіпті, кейде көршілес елден түрлі ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек те сұратқан. Тарихшылардың айтуынша, бұл хаттар Цинь империясы мен қазақ хандығы арасындағы достық қатынастардың дәлелі.

Абылайдың хатын алғаш болып Онума Тахакиро есімді жапон ғалымы тапқан. Ол Қытай мұрағатынан алған құнды дерек туралы көлемді мақала жазып, Жапонияның беделді басылымдарының бірінде жариялаған. Ал Қытай мұрағатына кіруге рұқсат алған жалғыз қазақ Еркін Ауғали есімді қандасымыз. Ол қазақтардан ең бірінші болып хан-сұлтандардың Цинь империясына жолдаған хаттарымен танысып, шағатай тілінен аударған. Ғалымның айтуынша, ол аударған Абылайдың екі хатын Қытай тарапы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлаған.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"