Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайы смартфон шығарылды

Англияның жоғары класты ұялы телефондар өндіретін Vertu компаниясы Қазақстанға арнайы смартфондар шығарды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Бес данадан тұратын лимиттелген топтама Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арнайы жасалыпты. Жаңа телефонның артқы панеліне Қазақстанның мемлекеттік символдары – күн мен оның астында қалықтаған қыран ойып салынған.

 Күннің ортасында «25» саны бейнеленіпті, ал оның астында «Anniversary of Kazakhstan» деген жазу бар. Тіпті тігістеріне де еліміздің туындағы көк және сары түстер қолданылған екен. First Media Group компаниясының мәліметінше, телефон жоғалған жағдайда бұғаттауға, оны табуға, жеке мәліметтерді өшіруге болады. Смартфон қанша тұратыны әзірге белгісіз. Мысал үшін айтсақ, смартфондар нарығына еніп үлгерген Apple iPhone 7 Plus елімізде 650 000 теңге тұрады. Эксклюзивті Vertu одан бірнеше есе қымбат болатыны сөзсіз.

Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"