«Сарбаз» әскери басылымына – 87 жыл

Қарашаның 7 жұлдызында «Сарбаз» респубикалық әскери-патриоттық газетіне 87 жыл толды.

Естеріңізде болса, бұл дәйектемені  осы жылдың 11 ақпанында әскери басылымдардың шығу тарихын зерделеу мақсатында өткен дөңгелек үстел барысында ғалымдар мен профессорлар тілге тиек еткен болатын.

Басқосу ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты «Сарбаз» газетінің шығу тарихына байланысты болды. Осы отырыста зерттеуші ғалым Александр Рожков: «Қазақстандағы әскери баспасөздің тарихы 1992 жылдан емес, 1969 жылы шыққан «Боевое Знамя» және одан әрі 1929 жылы тұңғыш қазақ тілінде шыққан «Қызыл әскер» газетінен бастау алады» деген еді.

Александр Рожков мырзаның айтуынша, 19 ғасыр жауынгерлік іс-қимылдың жиі орын алып тұрған кезі. Сол уақытта әскери басылымдар көптеп шықты.

Бірқатар әскери газеттердің атауын атай келе, «Қызыл әскер» әскери газетіне баса назар аударды.

 - «Qьsьl әsker» («Қызыл әскер») газеті Қазақ әскери комиссариатының, кеңес қоғамдық-саяси қорғаныс ұйымының және «Еңбекшіл қазақ» баспасының апталық газеті болатын. Басылым 1929 жылдың 7-ші қарашасынан бастап, 1936 жылдың 31-ші қазанына дейін Алматыда аптасына бір рет, қазақша латын әріптерімен және кішігірім ақпараттар араб әріптерімен жазылып шықты. Басылым форматы үлкен - А0. Газет жазылу арқылы және жеке сатылымға да беріліп отырды. Газетпен Ілияс Жансүгіров, Асқар Лекеров, А.Кошимов шығармашылық қарым-қатынаста болды.

 Газеттің мақсаты – қорғаныс саласында жүргендерді сөзбен демеу, әскери қызметке жастарды тарту және офицерлердің әскери білімін жетілдіру еді.

Оның бетінде алғашқы әскери дайындық (соның ішінде әйелдер үшін де), шетелдегі әскери  жаңалықтар, сонымен қатар, ақын-жазушылардың өлеңдері мен әңгімелері жарияланып тұрды, - деді.

Аталмыш газет тігіндісі бүгінде толық болмаса да, бүтін күйінде Алматыдағы ғылыми-техникалық ақпараттық орталығында сақталған. Бұл «Қызыл әскер» газетінің арқасында қазақша әскери терминдер қолданысқа енгізіле бастаған екен.

Айта кетейік, бұл басылымның заңды жалғасы бүгінгі «Сарбаз» газеті 1992 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық баспасөз органы – «Қазақстан сарбазы – Воин Казахстана" газеті болып құрылған-ды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Директивасы негізінде Қарулы Күштердегі ұйымдастыру-штаттық шараларына байланысты "Қазақстан сарбазы – Воин Казахстана газеті таратылып, 2008 жылдан бері атауы «Сарбаз» деп өзгертілді. Содан бері республикалық әскери-патриоттық «Сарбаз»  газеті аптасына бір рет, жұма күндері А-3 форматта, қазақ және орыс тілінде жарыққа шығып келеді.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"