Қазақстан әскерінің тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 16 жыл толды

Бұрнағы күні Қазақстан әскерінің тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 16 жыл толуына арналған республикалық форум өтті.

Сегізінші ақпан. «Отан қорғаушылар» монументі маңы. Алаңда топталып тұрған сарбаздар мен офицерлер,  әскери іс-қимылдар ардагерлері. Араларында  ақ жаулықты аналар мен гүл ұстаған ұрпақты да кезіктіруге болады. Олардың осында жиылуының себебі жоқ емес-ті.

Биыл ҚР ҚК Жоғары Бас қолбасшысының 1992-2001 жж. аралығында тәжік-ауған учаскесінде ТМД сыртқы шекарасын қорғау бойынша әскери тапсырмасын орындаған қазақстандық жеке қосынды атқыштар батальонының Тәжікстан Республикасынан шығарылғанына тура он алты жыл толды.

Естеріңізде болса, 1993 жылы ТМД мемлекет басшылары Тәжікстан елінің Ауғанстанмен шектесетін қорғаусыз қалған шекарасына әскер жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. 1993-1999 жылдар аралығында еліміздің Ішкі әскері жедел мақсаттағы бөлімінің 2 мыңнан астам жауынгері мен офицері тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерін орындады. Сарбаздар ТМД шекарасының оңтүстік шебін, Ауғанстанмен шектесетін ең ауыр және қиын учаскенің тыныштығын күзетті. Олардың басты мақсаты жалпы саяси жағдайдың тұрақтануына дейін тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды ретке келтіру болды. Сонымен қатар, гуманитарлық көмек тауарларының және босқындардың қауіпсіз жетуін қадағалау, маңызды нысандарды қорғау еді. Ең жойқын қақтығыс 1995 жылы Памир тауларындағы Пшихавр шатқалында орын алды. Сол жерде содырлармен болған атыста 17 қазақ жігіті қаза тапты.

Міне, осы боздақтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету – жыл сайынғы үрдіске айналған игі шара.  Астанадағы «Отан қорғаушылар» алаңына жиылғандар  алдымен  17 қазақстандық жауынгерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімінің куәсі болды. Кейін оларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Қаруластары жайында ой қозғаған қатарластары да, сөз сөйлеген әскерилер де болды.  Сағынышын жасырмай, аналар да ағынан жарылды. Жер жастанған жауынгерлерге  ағалары жыр-шумақтарын арнады. Форум алдындағы іс-шара осылай  аяқталды.

 Түс мезгілінде олар қала орталығында орналасқан әскери-патриоттық орталыққа жол тартты. Келушілер алдымен оны аралап, орталықпен тыныс-тіршілігімен танысты. Түстен кейін форум жұмысына қатысты.

Республикалық форум «Жас ұлан» республикалық мектеп тәрбиеленушілерінің барабан шоуымен  басталды. Мұнан кейін Қазақстан Республикасының Туы әкелініп, еліміздің Әнұраны ҚР Ұлттық ұланы әскери оркестінің сүйемелдеуімен орындалды. Сондай-ақ, осы оркестрдің тағы да сүйемелдеуімен ҚР ҚК Құрмет қарауыл ротасының  «дефиле» көрсетілімдік қойылымы көрсетілді. Одан соң арнайы келген қонақтар – Қазақстандағы Азаматтық альянс төрағасы  Нұрлан Ерімбетов, «Ауған соғысы ардагерлері одағы» төрағасының орынбасары Серік Асанов, «Чернобыль Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары  Марат Жүнісбек-ұлы, «Ардагерлер одағының «Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік филиалының төрағасы Әділхан Нұрсеитов, «Ардагерлер одағының «Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат  Мұхамеджановтар сөз алып,  осы күннің маңыздылығын атап өтіп, өткізіліп жатқан форумның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттілігі құрылған уақыттан бергі әскерлермен қамтамасыз етілген арнайы Қазақстан Республикасының органдары мен тұлғалардың қызметкерлері, қауіпсіздік әлемде бейбітшілікті қолдау операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес қатысушы, сондай-ақ, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметкерлердің  заңнамалық мәселелер бойынша мәртебесі қарастырылды. 

Аталмыш форумға ҚР қоғамдық бірлестік өкілдері, шетел мемлекеттерінің елшіліктері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Әскери атташелар, «Ардагерлер кеңесінің» мүшелері, ҚР ҚК әскери қызметкерлері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ұлттық гвардиясы, теннис федерациясының өкілдері және Астана қалалық әскери-патриоттық клубтары қатысты.  

Форум соңында  бірқатар жандар  жеке тізім бойынша «Ардагерлер қозғалысының насихаттауға қосқан үлесі үшін» және «Тәжік-ауған шекарасындағы соғыс қимылдарының ардагері» медальдарымен марапатталды.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"