Полковник Арман Жанұзақов: "Бес қару - асыл мұрамыз"

Қорғанысы берік, бірлігі жарасқан, бейбіт заманның, тәуелсіз елдің кешегі бес қаруы бүгін немен алмастырылды? Бұл сауалды ел тыныштығын қорғаушы, болашақ офицер мамандарын даярлауға өзіндік үлесін қосып жүрген әскери сала маманы Алматы қаласы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, аталған институттың бастығы генерал-майор Қайрат Садыковтың нұсқауы бойынша құрылған «Бес қару» патриоттық клубының жетекшісі полковник Арман Жанұзақовқа қоюды жөн көрдік.

Кең байтақ дархан жерімізді батыр бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалғаны бізге тарихтан мәлім. Батырларымыз сынға түсер сәтте қорғаны болған қару түрлерінің атқаратын қызметтері де әртүрлі. Біз оны «Қобыланды», «Алпамыс», «Өтеген» батыр  жырларында жиі кездестіреміз. Тарихи деректерге сүйенсек, бес қаруға садақ, найза, қылыш, шоқпар, айбалта түрлері жатады. Соғыс тактикасы бойынша аталған қару түрлеріне байланысты жауынгерлер жасақталып, жеңіске жетудің түрлі амал-тәсілдері ойластырылған. Бұл әдіс түрлері сол кездегі қолбасшылардың ақылға салған қырағылғы, дәлірек айтқанда айла-тәсілі болып саналады.  Соғыс алаңында бес қаруын сайланған батырлар, қаруды тың шеберлікпен меңгеріп, қолдана бігенінің арқасында ғана жеңісті бағындыра білді.

Алайда ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезінде  жоғарыда аталған қару-жарақ түрлері заманның ағымына сәйкес 1947 жылы  Михаил Калашников ойлап тауып, арнайы комиссия құрамымен «Калашников Автоматы - 47» атауына ие болған  әйгілі КА-74 автоматы сонымен қатар маузер К96, ТТ,ТК тапаншалары мен СВТ-38, СВТ-40 мылтықтары  және ППШ, ППС тапанша-зеңбіректері сияқты атыс қару-жарақтарымен алмастырылды. ҰОС жылдары пайдаланылған «Максим» пулеметы, ДП (Дегтярова Пехотный) қолға арналған пулеметы, ДС- 39, СГ-43 пулеметтері қарсыласты жырақтан көздеп атып, жауды бір табан жоюға мүмкіндік берді. Аталған қару түрлерінің пайда болуы соғыс алаңында уақытты үнемдеуге, артық күш кетпеуіне, мүмкіндігінше жаудың көзін бірден жоюға үлкен септігін тигізді. Бұл қару түрлерін сауатты меңгерген командирлер мен жауынгерлер жүректілігі мен біліктілігінің арқасында жеңіс күнін сыйлады.

Тарихты таразылап, ХХІ ғасырға аяқ бастық, әрине бұл кезеңге жету, қиындықтан өту ешкімге оңай болған жоқ. Қазіргі таңда қаруды қорған ретінде емес, аңшылық демалысына шыққанда ермек етіп алатынымыз жасырын емес. Қорғанысы берік, бірлігі жарасқан, бейбіт заманның, тәуелсіз елдің кешегі бес қаруы бүгін немен алмастырылды? Бұл жөнінде «Бес қару» патриоттық клубының жетекшісі полковник Арман Жанұзақовтың айтары көп.

 

– Арман мырза, өзіңізге қояр алғашқы сауалым, бәрімізге тарихтан белгілі соғыс алаңында пайдаланған қару-жарақ түрлері өте көп. Бірақ, тайға таңба басқандай бес қаруды (садақ, найза, қылыш, шоқпар, айбалта) ерекшелеп алып, оны шектеуіміздің себебі неде?

– Жаугершілік заманда қару-жарақ түрлері өте көп болғаны рас, дегенмен жоғарыда атап өткен қару түрлерін ерекшелеп көрсетілуінің себебі, батырлар жырынан оқып білген дерек көздеріне сүйенер болсақ, сол замандағы әскери тактикаға байланысты соғыс алаңында бұл қару-жарақтардың рөлі ерекше болғандықтан, арнайы атқаратын қызметіне сәйкес, өзге қару түрлері бес қарудың орын алмастыра алмаған. Бертін келе «Бес қару» түрлерін ұлы Абай атамыздың даналық сөзімен жеткізер болсақ, болашақ ұрпақтың саналы, білімді болуына негізделген  бес іске асық және бес нәрседен қашық болуы заманның өзгеруіне сәйкес ғылымға бет бұрған білімді ұрпақтың басты қаруына айналды.                   

– Бүгінгі күннің батырлары деп кімдерді атар едіңіз?

            – Бүгінгі күннің батырлары  жұдырықтай жүрегі қазақ елі мен жері деп соғатын, тәуелсіздік жолында аянбай еңбек етіп жүрген еліміздің әрбір азаматын атар едім. Олардың көбі болашақ ұрпақ тәрбиесіне елеусіз үлесін қосып жүрген ұлағатты ұстаздар, адам өмірін сақтап қалуды мақсат етіп, күн-түн демей, талай адамдардың жандарын сақтап қалған ақ халатты абзал жандар, сонымен қатар 24 сағат бойы бейбіт күннің тыныштығын күзеткен хас батырларымыздың ұрпақтары – әскери сала мамандары.

– РЭжБӘИ институтындағы Сіз жетекшілік етіп отырған «Бес қару» патриоттық клубының курсанттар өміріне тигізер тәрбиелік мәні туралы айтып өтсеңіз.

– Қазақ даналығында «Жеті атасын білмеген ер жетесіз, жеті ғасырлық тарихын білмеген ел жетесіз» демекші. өмір мектебіне маңызды қадам басқан жас буынға ата-баба аманатымен қалған қасиетті құндылықтарды санасына сіңіріп, кірпіштей қалау, туған елінің тарихын білуге бағытталып, рухты ұрапақ тәрбиелеуді мақсат еткен әскери институт үшін «Бес қару» патриот клубының болуы шарт. Тарихының өткені мен бүгіні туралы  ой қозғайтын, ел басқарған хандар мен билердің және батырлар бейнесі сахналық көрініс арқылы сомдалып, курсанттар бойына рухани күш береді.

– Қазіргі қоғамда батысқа еліктеп, құлақтарына сырға салып, ине-жіпті қолдарына қару еткен, сән салондарында бояуды  машық еткен ер азаматтар көбейді. Олардың көбеюі, қоғамдағы ер азаматтың бойына тән сана-сезімнің жоғалуына, ұлттық құндылықтарымыздан айыру қаупін төндірмей ме?

– Мені де ойландыратын сауалдың бірі – осы. Бір елдің мәдени құндылықтарын үйренген дұрыс шығар, алайда қасқыр мінез, қайсарлық танытар қазақтың ер азаматтарына мүлде қайшы келетін құбылыс. Біздің басқа елден айырмашылығымыздың өзі, мәдениетіміз бен  салт-дәстүріміз, тал бесіктен ана сүтімен берілген отбасындағы тәрбие арқылы ерекшеленеді.  Бүгінгі күні ер адам мен әйел адам жұмыс бастылыққа салынғаны соншалықты, тіпті бауыр еті баласының немен айналып жатқанына аса көңіл аудармайды. Міне, осы жерден бала тәрбиесі ақсап тұрғандықтан, жан-жағын енді танып, үйреніп келе жатқан жасөспірімге бәрі бірдей қызық болып көрінеді. Қызығушылық танытқан жастарға ол істің дұрыс-бұрастығына жол сілтемегендіктен қоғамға қауіпті қиындықтар сөзсіз туындайды. Сондықтан  қыз бала мен ер бала тәрбиесіне ең алдымен үйдегі ата-ана көңіл бөліп, үнемі қадағалап отыруы қажет.

–       Сауалыңызға рахмет!

 

Сәуле Шаяхметқызы


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"