Подполковниктің қызы әлемдік сайыстан жүлделі оралды

11 қараша күні Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен ментальды арифметика олимпиадасында Ділназ Рамазанова жалғыз өзі Семей қаласының намысын қорғап, екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

   10 жастар оқушы UCMAS KAZAKHSTAN ментальды арифметика Халықаралық Академиясының IV республикалық жарысында жасы үлкендер категориясының Basic деңгейіндегі студенттер арасында көрсеткен жоғары көрсеткіші үшін бірінші орынды иеленген еді. 

Ал, Дубайда дүние жүзінің 22 мемлекетінен келген үшінші деңгейдегі өз жасындағы жеті мың баланың ішінен екінші орынды жеңіп алды. Бүгінгі күні есептегіш құралдардың көмегінсіз есептеудің ең оңтайлы тәсілі – ментальды арифметиканың 200 есебін сегіз минуттың ішінде шығарудан озық шықты. Әлемнің 40-тан аса білім жүйесіне енгізіліп, ойша  есептеуге негізделген халықаралық деңгейдегі бағдарламаның үздігін жерлестері сән-салтанатпен қарсы алды. 

Айта кетейік,  Ділназ – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің командирі подполковник Серік Әділбекұлы Рамазановтың қызы.


 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"