Подполковниктің қызы халықаралық олимпиадаға жолдама алды

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында биыл 11 қараша күні ментальды арифметикадан өтетін халықаралық олимпиадада Семей қаласының намысын Ділназ Рамазанова қорғайды. Ол – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің командирі подполковник Серік Әділбекұлы Рамазановтың қызы деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

10 жастағы оқушы UCMAS KAZAKHSTAN ментальды арифметика Халықаралық Академиясының IV республикалық жарысында жасы үлкендер категориясының Basic деңгейіндегі студенттер арасында көрсеткен жоғары көрсеткіші үшін бірінші орынды ұтып алды. Енді халықаралық деңгейде бағын сынайды.

 Дубайда өтетін әлемдік додаға дүние жүзінің 22 мемлекетінен жеті мың бала қатысады. Қазақстаннан 50-ге жуық ментальды арифметика үздіктері барады. Көне шаһар – Семейдің намысын Ділназ Рамазанова жалғыз өзі қорғайды.

Айта кетейік, ойша  есептеуге негізделген бұл бағдарлама Азияда 1993 жылы бастау алды. Оның негізін Малайзия елінің профессоры Дино Вонг қалаған. Ментальды арифметика – бүгінгі күні есептегіш құралдардың көмегінсіз есептеудің ең оңтайлы тәсілі. Әлемнің 40-тан аса білім жүйесіне енгізіліп, халықаралық деңгейде мойындалған бағдарлама. 
Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"