Тележурналист Зейін ӘЛІПБЕК:
– Құрметті ағайын! Біз Отан қорғауды қасиетті борыш санаған халықтың ұрпағымыз. Өздігінен ешкімге соқтықпаған, бірақ, елдің шетіне жау аяқ басса жан аямай қарсы шапқан бабаларымыздың батырлық мінезі бойымыздан ешқашан жоғалған емес. Елдің тыныштығы мен шекарасының бүтіндігін сақтау – ер-азаматтарымыздың мәртебелі де мерейлі міндеті болып қала береді.
Сондықтан, осынау мерекемен тек әскер саласында жүрген бауырларымызды ғана емес, сонымен қатар, барша жігіттерімізді құттықтап, күш пен қайрат, мықты денсаулық тілегім келеді. Сәбилердің ұйқысы тыныш болсын! Отан алдындағы сертімізге адалдықтан айнымайық!