Курсанттармен өткен тренинг

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 1 курс курсанттарымен өзін шыдамдылыққа үйрету, жан тыныштығына ұмтылуға арналған психологиялық тренингтер өткізілді

Тренингтің мақсаты – курсанттар тобын топтастыру жолымен жалпы командалық рухты қалыптастыру және күшейту, әрбір курсанттың жалпы міндеттерді шешудегі жауапкершілігі мен үлесін дамыту, тренинг нәтижесінен эмоционалдық көңіл күй алу, өзін топтасқан топтың бір бөлігі ретінде сезіну.

«Әр адам өзін дұрыс қабылдап үйренсе, айналасымен де қарым-қатынасы жөнделеді. Ал сол бақытты сезіну үшін бірнеше амал бар. Бұл тренинг соған үйретеді», - дейді батальон психологы лейтенант Жұлдыз Усанова.

Өзіңе шамадан тыс қатал болудан арылу, өткен шақта жіберген қателіктерді көңілге көп алмау, сабырға келу, ауыр ойларды санаңнан босату, өмірге келудегі өз миссияңды түсіну – бұл адамның психологиялық жүгін жеңілдетіп, өзіне деген үлкен жауапкершілік артудан, қатаң талап қоюдан сақтайды. Сол үшін осындай тренингтерді жиі өткізіп тұрамыз, - дейді психолог маман. Сонымен қатар, курсанттар үшін осы бастан бос уақыты мен демалыстарын да дұрыс пайдалана білген дұрыс. Ондай кезде ойдағы бар жаман ойларды өшіріп, асықпай, терең демалып, денені тыңдауға үйренген жөн. Өз денсаулығына салғырт қараған жағдайда стресс те, депрессия да басып алады, ал ауру адам көңілді жүре алмайды. Кешірім сұрауды да әдетке айналдырған жөн. Тіпті сырттай болса да, ол сенімділікті ұялатады, энергия орнын толтыратын көрінеді.

Әрбір курсант өзіне және жалпы топ үшін пайдалы нәрсе алды. Тренинг белсенді және достық жағдайда өтті, курсанттар өз пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Меруерт САФАЕВА


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"