Калашниковтың өкініші

Baq.kz сайтына жарияланған мәліметке сүйенсек, өлерінен жарты жыл бұрын аты аңызға айналған қару ұстасы, АК-47 автоматының авторы Михаил Калашников православ шіркеуінің патриаархы Кириллге хат жолдаған екен.

Онда ол өзі жасаған қару түрінен ажал құшқандар үшін жаны күйзеліп әрі осы әрекеті үшін түбінде жауап беретінін ойлап қамығып жүргенін айтыпты.

«Жаным жай таптырар емес, мәселе сол күйі шешімін таппады: өзім жасаған автомат талай адамның өмірін жалмады. Сол себепті, мен, жасым тоқсан үшке келген, шаруаның ұрпағы, христиан, нанымым бойынша православ Михаил Калашников қас жауымның болса да, ажал құшқан адамдардың өміріне кінәлімін бе?» – деп сауал қойған екен.

Сәуірдің 7-і күні жазылған хатта, сонымен қатар, адамзаттың келешегі мен елдің ертеңіне алаңдайтынын айта келіп, зұлымдық пен жақсылықтың айналып келгенде біртұтас екенін, бірінсіз-бірінің қадірі жоқ екенін жеткізіпті.

«Иә, біздің жерімізде шіркеулер мен құлшылық үйлері көбейгенімен зұлымдық тыйылар емес!.. Зұлымдық пен жақсылық бірге, көрші, бір-бірімен күреседі, ең қорқыныштысы, бұл екеуінің адамдардың жан сарайында үйлесім тапқандай ма, пенделердің бұған еті өліп кеткендей ме – өмірімнің күні батуға тақау қалғанда осыған көз жеткіздім», – депті толғанған конструктор.

Ол Ижевскідегі өзінің атындағы мұражайдың орнына шіркеудің тұрғызылғанын, оның қасына сібір балқарағайының көшеті отырғызылғанын қалайтынын жеткізіпті. Осы арада оның туған жері Алтай өлкесі екенін оқырманның есіне сала кеткіміз келеді. 

 

Бақытгүл Абайқызы


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"