Аты аңызға, сөзі нақылға айналған ата - әскери сабақ

Жас ұрпақтың жан дүниесін дамытуда, бойына патриотизмді, отаншылдық рухты дарыту мақсатында Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Аты аңызға, сөзі нақылға айналған ата» атты ерлік сабағы өтті.

Оны Балқаш қаласындағы 31765 әскери бөлімнің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы, капитан Нұрдос Қалымбетов пен 7 «ә» кадет сыныбында, сынып жетекшісі Талғат Ерімбетовпен бірлесе ұйымдастырды.

Кадет сыныбы... Иә, Айгүл Төкейбекова басқарып отырған бұл білім ордасында 2011 жылдан бастап кадет сыныбы ашылған, бүгінгі күні кадет сыныптары бойынша 85 оқушыны құрайды. Ерлік сағатының мақсаты – халқымыздың аты аңызға айналған халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, полковник, жазушы, Мемлекттік сыйлықтың лауреаты Бауыржан Момышұлының өмірі мен өнегесін, ерлігі мен еңбегін таныта келе, егемен елдің өркениетті ұлын тәрбиелеу.

Сабақ бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде оқушылар Бауыржан Момышұлының өмірбаянына токталса, екінші бөлімде өлеңдерінен үзінділер оқылды. Кейінгі бөлімдерде атаның ой-өрнектері мен нақыл сөздеріне кезек берілді. Сабақтың соңын капитан Н. Қалымбетов «Әскери-патриоттық тәрбие туралы» бөліммен түйіндеп, «Армия – азаматтық зор мектеп. Жас адамды тәрбиелеудің негіздері: үлкенді құрметтеу, борышын бұлжытпай орындау, арын таза сақтау, қоғамдық тәртіпті бұлжытпай орындау, заңға бағыну – жас адамға қажет ізгілік белгілері осы. Мұны біз: Отанын, халқын, отбасын сүю деп атаймыз. Мұндай инабатты тәрбие алған адам – нағыз жауынгер. Оның қасиеті – адалдық, арлылық, тәртіптілік» – деп аңызға айналған ата сөзімен аяқтады.

Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азаматы өскелең ұрпақты кемел, саналы, ержүрек, ой-өрісі кең, парасатты да білікті етіп тәрбиелеуге үлес қосуымыз керек. Бұл тағылым сағаты –Ерлік сағаты егемен елдің өркениетті ұлы болатын жас ұрпақ үшін өткен еді.

                                                                Б.ҚҰРМАНБАЕВА, 31765 әскери бөлімінің емлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы  


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"