«Алдаспан» поэзиялық-прозалық кітабының тұсаукесері өтті

Жақында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында Мемлекеттік тіл кафедрасының жанынан  «Алдаспан» әдеби-шығармашылық үйірмесі ашылған еді. Осы үйірме жұмысының жемісі ретінде үйірме мүшелерін құрайтын институттың 1-2 курс курсанттарының поэзиялық-прозалық туындыларын топтастыра отыра «Алдаспан» атты поэзиялық-прозалық кітап жарыққа шықты. Бұл кітап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Аталмыш кітап жайында «Алдаспан» әдеби-шығармашылық үйірмесінің жетекшісі, Мемлекеттік тіл кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұхамадиев Дәурен Бақдәулетұлымен сұхбаттасып едік.

Дәурен Бақдәулетұлы, өзіңізге қояр алғашқы сауалым, «Алдаспан» әдеби-шығармашылық үйірмесінің  басты мақсаты қандай?

– «Бұлақ көрсең, көзін аш», - деп дана халқымыз өмірлік мол тәжірибесінен күллі  ұрпаққа өнеге болар тағылымды жолды қалдырып отырған. Бойында шығармашылық қабілеті бар жас буынға бағыт-бағдар беріп, жан дүниесіне  ұлттық құндылықтарды сіңіру – ұлтын сүйер әрбір азаматтың  басты міндеті болса керек.  «Алдаспан» әдеби-шығармашылық үйірмесінің негізгі мақсаты – әдебиет әлеміне жаны құштар, өлең мен проза жазуға қабілеті бар институт курсанттарының шығармашылығын шыңдап, оларға бағыт-бағыт беру. Үйірме мүшелері айына екі рет жиналып, кездесіп тұрады. «Алдаспан» әдеби-шығармашылық үйірме мүшелерінің құрамы жыл сайын толығып, жаңартылып отырады. Оларды рухани құндылықтарға бағыттау – басты назардағы мәселелердің бірі болып отыр.

 

–      Қазір поэзия мен прозаға жан дүниесі құштар жас таланттарға қойылатын басты талаптар қандай? Олар өздерінің шығармашылық дүниесін дамыту үшін нендей мәселеге көңіл бөлуі қажет деп санайсыз?

–      Шығармашыл жастар ең алдымен ұлттық құндылықтарға баса мән беру қажет деп есептеймін. Әр адам өз бойындағы дарынын, қабілетін еңбекпен ұштастырып, әрдайым жетілдіріп отыру қажет. Бойдағы дарынды еңбекпен әрі тәжірибемен сабақтастырып, дамытпаса, ол уақыт өте келе өз-өзінен басылып, тұншығып қалады. Яғни, өнерге, шығармашылыққа бет бұрған жастарымыз өнер жолындағы алғашқы сәтсіздіктер мен қиындықтарға мойымай, тек алға қарай жылжыса, көп оқыса, ізденсе, бір нәтижеге жетері анық. Бұл жерде бойдағы дарынның шоғын үрлеу үшін білім мен ізденіс, үйренгенді көңілдің кең  төріне бекітіп, санаға тоқу, ұлттық қайнардан нәрлену қажет деп ойлаймын.

–      Өзіңіз жауапты редактор болып, жарыққа шығарып отырған «Алдаспан» поэзия, прозалық  кітабының тағылымдық мәні қандай?

–      Бұл шағын кітаптың тағылымдық мәні тереңде жатыр. Өйткені, шығармашылыққа қабілеті бар жастардың жүрегіне от беріп, оларды шама-шарқымыз келгенше шабыттандырып, ынталандырып, әдебиет, руханият әлеміне деген сезімдерін қалыптастыруға азды-көпті мүмкіндік береді деп санаймын. Олардың көркем келешек пен жауапкершілікке деген жігерін жанып, үмітін еселейді, ізгіліке тәрбиелейді. Жан дүниесін әсемдікке, мейірімділікке баулып, туған Отанын сүюге, елге қалтқысыз қызмет етуге деген ойларын бекемдейді. Өйткені, бұл курсанттар – еліміздің  өркендеуіне үлес қосатын бір-бір алып тұлғалар болмасына кім кепіл?! Сондықтан «Алдаспан» поэзиялық-прозалық  кітабы жас буынды осындай жарқын әлемге, ізгілік пен елдік мұратқа баулып, елдік мүддені жоғары ұстауға бағдар беріп, қадам жасататын бір құрал іспеттес.

Қазақ әдебиетіндегі жазба ақындар дәстүрін қалыптастырған тұлғалардың туындыларын түсіндіре отырып, жастарға  отансүйгіштік рухтағы  тәрбие беріп, шығармашылығын шыңдау;  Алаш  арыстары  тағылым еткен ұлтжандылық қасиеттерді бойға сіңіріп,  шығармашыл, рухани дамыған, ұлттық рухты  зиялы тұлға даярлауға үлес қосу; оларға өлең, проза жазудың техникасын үйрету, мәнерлеп оқуға, мүшәйраларға қатысуға, сөз шеберлігіне   шыңдауға жетелеу; ақындық, жазушылық қабілеті бар  білімгерлерге бағыт-бағдар  беріп,  әр түрлі деңгейдегі шығармашалық байқауларға қатыстыру. Алдымызға осындай мақсат қойып, осы бағытта жұмыс істеп жатқан жайымыз бар.

–      Ұлтымыздың руханиятына аз болса да өзіндік үлесін қосып жатқан қызметіңізге табыс тілеймін. Бүгінгі сұхбатыңызға үлкен алғыс білдіремін!

 

 

Бердібек Нұрым

РЭжБӘИИ 2-курс курсанты


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"