Әскерилер жауынгерлердің үйлерін аралады

44736 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен әскери қызметшілердің үйлерін аралау шарасы жалғасын тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Думан Біләлов, бөлім психологы капитан Торғын Сүбебаева, идеологиялық жұмыстар және арнайы насихат жөніндегі аға офицер капитан Рустам Увалиев және әйелдер кеңесінің мүшелері қарт жауынгерлерге Жеңіс үшін алғыс айтып, жаңа жылдық сый-сияпаттарын жасады. Туған елді қорғау жолында әрбір сарбаздың жүрегінде ұлы рухтың күші болғанын Борис Тагинцев жеткізуге тырысты. Көңілі босап, әскери қызметшілерге зор алғысын айтты. Жасы 100-ден асқан Николай Александрович Верещагин де денсаулығының нашарлап қалғанына қарамастан, ізгі тілегін жеткізді. 

   Жаңа жылдық тәтті сыйлықтар көп балалы және түрлі қиындықтары бар әскери қызметшілердің балаларына да таратылды.  Бөлім командирінің орынбасары мен психолог отбасылардың тұрмыс-тіршілігін өз көздерімен көріп, үй ішіндегі хал-ахуалды сұрап білді. Мазалайтын мәселелерді ден қойып тыңдады. Отбасы мүшелеріне әскерилердің үйлерін арнайы аралаудың маңыздылығын да түсіндірді.

Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"