Әскери-тарихи музейде ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

14 желтоқсан күні ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде «Ұлы дала: Әскери тарихы» атты ғылыми-әдістемелік конференция және «Алаш Орда әскери тарихына арналған жаңа көрменің» ашылуы мен  XVI – XVІІ ғасырларда өмір сүрген «Айдарбек батыр Өсерұлының ақ сауытын музейге тапсыру салтанаты»    өтеді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойы мен орталықтың ашылғанына бір жыл толуына орайластырылған.

Конференция барысында әр кезеңдегі әскери тарих бойынша зерттеулер, баяндамалар оқылып, түрлі бағыттар бойынша талқылау жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтой құрметіне арналып Музейде Алаш әскерлері мен әскери тарихына арналған жаңа экспозиция ашылады.

Оған қоса, XVI – XVІІ ғасырларда Сыр өңірінде өмір сүрген даңқты батыр Айдарбек Өсерұлының өмірі туралы баяндама жасалып, батырдың ұрпақтары осы кезге дейін сақтап келген ақ сауыты қалың жұртшылықтың назарына ұсынылмақ. 

Жиынға ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері, депутаттар, ғалымдар және журналистер қатысады.

Басталуы: 09:00.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"