Әлемдегі әскери техникалар легі

PL-01 польша танкі

Әлем назарын аударған PL-01 польша танкі 2013 жылы 2 қыркүйекте Кельце қаласында өткен халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде таныстырылып, жұртшылықты таң қалдырған еді. Польша қарулы күштеріне арналған әйгілі сауытты техниканы OBRUM, Bumar және Huta Stalowa Wola сынды ірі компаниялар өндіретінін жариялаған. Өндірушілердің айтуынша,  тың техниканың жауынгерлік салмағы 45-50 тонна болады,  оқ-дәрісі танкінің оқшауланған артқы бөлігіне орналасады.

Жоба таныстырылғаннан кейін, танк біраз уақытқа дейін жұрт назарына ілікпей кетті. Құрастырушылар сауытты техниканың кейбір артықшылықтарын ескеріп, қуаттылығы мен түр-сипатына қатысты аспектілерін жетілдіргенді жөн санаса керек.

Танктің басты міндеті – қарсылас техниканы жою. PL-01 машинасының экипажы 3 адамға лайықталған. Танктің ерекшелігі – көп қабатты керамикалық сауытпен қорғалғандығында. PL-01 техникасы модульдік жобасысының мықтылығы – мылтық калибрін құбылтуға қауқарлы екендігі. Мәселен, 105-миллиметрлік зеңбіректі оп-оңай  120 миллиметрлік зеңбірекке ауыстыруға болады. Танк мұнарасының артқы бөлігіндегі оқ-дәрі жабдығы автоматты жүйеге қойылған. Сауытты техника толықтай автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталады. Тағы бір ерекшелігі - PL-01 қарсыластың техникасын бірден ажырата білетіндігінде. Әскери машина орталық басқару жүйесіне қосылған.

 PL-01 танкісінің  жобалау жұмыстары әлі де жалғасуда. Алдағы уақытта жаңа үлгідегі техниканың сұлбасы тек көрмелерде ғана бой көрсетуі мүмкін. Сауытты машина прототипінің нақты құрылысы тек бірнеше жылдан кейін жүзеге аспақ. PL-01 танкісі 2018 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.

 

 Оқ өткізбейтін желе

Лодзи Ғылыми зерттеу институттарының бірінде әскери мамандар мен  құқық қорғаушыларға арналған тың жабдық әзірленуде. Оқ өткізбейтін кеудешенің ішкі қабатына өзгеше сұйық зат енгізілмек. Нақтырақ айтқанда, кеудешенің алдыңғы тұсы арнайы сұйықтықпен толтырылып, сырты әдеттегі матамен тысталмақ.     

Кинетикалық оқтың пәрменін дәл осы алдыңғы қалташа қабылдайды. Оқ тиген жағдайда аталмыш консистенциясы қалың әрі қою сұйықтыққа қадалып, байланып қаланады. 

Жоба координаторы оқ қаншалықты қатты екпінмен келсе, соғұрлым сұйықтықтың қоюлана түсетінін айтады. Бұл үрдіс аталмыш заттың айрықша бөлшектерінің арқасында жүзеге асады. Нәтижесінде адам денесі мен оқтың арасында еңсерілмейтін тосқауыл пайда болады. 

Зерттеушілердің пікірінше, болашақта қорғаныш кеудешесі қолданысқа енетін болса, тек ұрыс алаңында ғана пайдаланылмай спорт әлеміне де аса қажет. Спорт майталмандары ағзасының ішкі құрылыстарын түрлі жарақаттар мен соққыдан сақтануға немесе жығылу барысындағы қауіптен қорғауға қауқарлы.

 

Үндістан мен Франция «жер-ауа» зымыранын өндіруде

Үндістан үкіметі мен Франция елі аз қашықтықтық «Майтри» (Maitri) «жер-ауа» зымыран кешенін  өндіретін бірлескен жобаны қолға алды.

Зымыран кешенін Ұлттық әскери зерттеу және дамыту ұйымы мен француздық жетекші зымыран жүйелерін өндіретін MBDA компаниясы өндірмек.    

Зымыранның жобасы 2007 жылдан бері талқыланып келеді. 2013 жылы жоғарыда атап өткен екі ұйым түсіністік меморандумына қол қойған болатын. Алайда, Үндістан армиясының әуе әскери күштері «Майтри» кешенінің техникалық сипаттамасы өздері өндірген «Акаш» (Akash) зымыранымен ұқсас екендіктерін айтып, қарсылық білдірген. Дегенмен, жақында Әскери теңіз күштерінің басшылығы «Акаш» әскери кемеге орнатуға келмейтіндігін жария етті. «Майтридің» мерзімі мен бағасы әзірге белгісіз күйде қалып отыр.

 

Индонезия Су-35 истребитель ұшақтарын сатып алуға қызығушылық білдірді

 

Индонезия қорғаныс министрлігі ресейлік тың үлгідегі Су-35 жойғыш  ұшақтарын сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын растады. Жақында Малайзияда өткен  LIMA-2015 қару-жарақ көрмесінде әлем елдерінің қуатты құрылымдары жаңа үлгідегі қару-жарақтарын ел назарына ұсынған болатын.

Осы жылдың ақпан айында индонейзиялық  ANTARA ақпарат агенттігі осы елдің Әскери әуе күштерінің вице-маршалы Агуса Суприатнаға сілтеме жасап, америкалық F-5 истребитель ұшақтарының орынына көп функцияналды  жаңа үлгідегі Су-35 жойғыш әуе кемесін алуға ниетті екендіктерін.

 АҚШ жаңа жүйе ойлап тапты

АҚШ Қорғаныс министрлігінің DARPA беделді қорғаныс жобалары агенттігі SoSITE (System of Systems Integration Technology and Experimentation) жүйесін әзірлеу үстінде. Бұл арқылы ұшқышсыз басқарылатын әскери аппараттар біріктіріліп, бомбалау және жою секілді міндеттерді бірлесе орындайтын болады. Жойғыш аппарат ұшқышсыз басқарылып, ұшақты қауіпсіз қашықтықта ұстау арқылы жаудың радиолокациялық жүйелерін атқылайтын болады.  SoSITE жүйесі компьютерлік автоматтандырылған қондырғының арқасында  жойғыш ұшақтың жұмысын әлдеқайда жеңілдете түспек. 

 

 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"