Әр елдің әскери сәлемдесуі

Әскери құрмет көрсету ол әскери сәлемдесуден тұрады. Оның да өзіндік тарихы бар. Жауынгерлер кездескенде сәлемдесу белігісі ретінде қолын көтерген. Бұл олардың бейбітшілікке деген ұмтылысын, қарулары жоқтығының белгісін білдірген. Аңыз бойынша әскери құрмет көрсету дәстүрі теңіз басқыншысы Френсиса Дрейктен тараған.  Теңіз арқылы әлемді аралап келген Дрейк өз ерлігін хат арқылы патшайым Елизаветаға жолдаған. Патшайым оның ерлігіне тәнті болып, әрі алтындарды көптеп жинап алып келгенін біліп, Дрейктің кемесіне барған. Кеменің бортына көтеріліп келе жатқан пашайымды көргенде Дрейк сұлулығына таңданғандай (шын мәнісінде ажарсыз болған) қолымен көзін жапқан екен.  Алайда, бұл аңыз.

Бастауы

 Әскери сәлемдесу Британияның аралынан бастау алды. Әлемдегі әскердің барлығында кіші шенділер үлкен шенділерге бас киімдерін шешіп, сәлемдескен. Алайда, ХVІІІ-ХІХ ғасырда әскерилердің  бас киімдері үлкейіп, ауырлай бастаған соң бас киімге тек қолды тигізумен ғана шектелген.

         Бізге белгілі сәлемдесу  1745 жылы элиталық гвардиялық бөлімшенің ағылшындық патшайымының жеке күзетшісі – Колдстрим полкінде бектіліген екен. Гвардейцтерге арналған полк жарғысында «Офицерлер маңынан өткенде немесе жүгінгенде жеке құрамға бас киімін көтеруге тыйым салынған. Тек қолмен бас киімді қысып және иілу бұйырылады» делінген.

1762 жылы  шотландық гвардейцтерге «офицерлердің маңынан өткенде әскери сәлемдесуде алақанды бас киімге көтеру бұйырылады» деп айтылады. Бұдан бөлек, әскери сәлемдесу кезінде басты төмен салмауға, көзді жерге қаратпауға аса мән берілді. Бұл әр түрлі шенді әскерилер бір мемлекетке қызмет ететін тәуелсіз азаматтар дегенді білдірген.

       ХІХ ғасыр ортасында Ұлыбританияда әскери сәлемдесуге тағыда өзгерістер енгізілді. Бас киімге, (нақтылағанда оң жақ қасқа) алақанды сыртқары қаратып сәлемдескен. Бұл әскери сәлемдесу бүгінгі күнге дейін бар.

 

АҚШ-та қалай?

Америкалық әскери сәлемдесуде алақан төмен қарап, қол сәл алдыға қарай шығып тұрған. Көзді күннен қалқалап тұрғандай болған. 1981 жылға дейін АҚШ басшылары әскерилердің сәлемдесуіне әскерише жауап қайтармаған. Әскери құрмет көрсетуді алғаш рет Рональд Рейген бастаған. Одан бұрын ол әскери теңіз күштерінің генералы Роберт Барроумен азаматтық киіммен әскери құрмет көрсету жөнінде ақылдасқан. Сонда Барроу президентке «Басқолбасшы ретінде әскери құрмет көрсетуді не көрсетпеуді өзіңіз шешесіз» деген. Солайша президентттердің әскери құрмет көрсетуі басталған.

         Ел есінде қалған әскери сәлемдесу ол Джордж Буш-кішінің құрмет көрсетуі. Әскери құрмет көрсету кезінде басқолбасшының қолы босамай, итті ұстап тұрған.

         Нью-Йоркке БҰҰ Бас ассамблеясының отырысына ұшып келген АҚШ президенті Барак Обама оны қарсы алған теңіз жаяу әскеріне қолындағы бір стакан кофесін шекесіне тақаған күйі сәлем берген. АҚШ президентінің теңіз жаяу әскерлерімен сәлемдесуі түсірілген бейне Instagram-дағы Ақ үйдің ресми аккаунтында жарияланған болатын.

Әскери тәртіп бойынша, әскери сәлемдесу тек екі қол бос болғанда ғана жасалуы керек. Ал мұндай жағдайда сәлемдесуден мүлдем бас тартуы керек.

Ресейде ше?

 

         Ресей империясында 1856 жылға дейін әскери сәлемдесу сұқ және ортаңғы саусақпен ғана жасалған. (Бүгінгі күнге дейін мұндай сәлемдесу Польшада сақталған). 1856 жылдан бері, Қрым соғысынан кейін, Кеңестік және қазіргі уақытта армияда сәлемдесу толықтай қолмен беріледі. Ортаңғы саусақ самайға жақын тұрады. Сапқа тұрған кезде әскери сәлемдесуде бағытталушы қолын шекесіне қояды, ал қатардағылар қолын төмен жібереді. Ресей армиясында «басыңда бас киім болмаса, қолды шекеге қоюуға болмайды» деген тәмсіл бар.

 

Израильдегі әскери сәлемдесу

Израильде жоғары шенді әскерилерге кіші шенділердің әскери сәлемдесуі міндетті емес. Тек жас жауынгер курстан өту кезінде ғана жоғары шенділерге құрмет көрсетуі керек. Ал, қалған уақыттарда әскери сәлемдесу міндетті емес, ол олардың құқы болып табылады.

 

Албанияның әскери сәлемдесуі азаматтық қоғамда

Зогистикалық сәлемдесу – бұл Албанияның әскери сәлемдесуі саналады. Бүгінде мұндай сәлемдесу кейбір мемлекеттерде азаматтық сәлемдесуге де жатады. Мұндай сәлемдесу оң қолмен жасалады. (Жалпы әскери сәлемдесу барлық мемлекеттердің әскерінде оң қолмен ғана жасалады). Қол шынтақтан бүгіліп, жүрек тұсына дейін түзу ұсталады.  Мұндай қимыл албандық мемлекеттік қайраткер Зогу Ахмет ойлап тапқан. Бастапқыда сәлемдесуді полиция қызметкерлері қолданған. Кейіннен Корольдық албандық армиясына әскери сәлемдесу ретінде қабылданды. Бүгінде Латын Америкасында, әсіресе Мексиканың азаматтары мемлекеттік ту көтерілгенде осындай сәлемдесуді жасайды. 

 Қазақстандағы әскери сәлемдесу

Қазақстанда әскери сәлемдесу әскери қызметшілердің ұйымшылдығының үлгісі, өзара сыйластығының куәсі және жалпы мәдениеттің көрінісі болып табылады. Барлық әскери қызметішелер кездескен кезде Қарулы Күштердің саптық жарғысымен белгіленген ережелерді сақтай отырып бір-бірімен сәлемдесуге міндетті. Бағыныстылар мен әскери атағы бойынша кішілер бірінші болып, ал олардың жағдайлары тең болған кезде бірінші көрген сәлем береді.

Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.

Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.

 

 Маори халқының сәлемдесуі

Маори халқының хонги деген дәстүрі бар. Бұл елге келген әскери азамат сол елдің сарбазымен мұрын түйістіріп амандасуы  керек. Мәселен принц Гарри Уэльский Корольдық әскери-әуе күшінің сержантымен Жаңа Зеландияға барғанда мұрын түйістіріп амандасқан. Дәл солай 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"