Қос қарлығаш

Жұмыста отыр едім,  телефон шырылдады. Қоңырау шақырылымынан шығып тұрған – таныс нөмір.

–       Сәлеметсіз бе, бұл 83205 әскери бөлімінен.

–       Иә, сәлеметсіз бе, айта беріңіз.

–       Өткендегі Бибігүл Қонысбайқызы мен Казина Алияхметқызы зейнетке шығайын деп жатыр. Екеуі де әскери бөліміміздің мақтанышы. Осы кісілер жайында пікірлер айтып, сүйікті басылымымызға берсек бола ма?

–       Болады, мен ол кісілермен тілдесейін.

–       Олар туралы біз айтсақ.... өйткені, тосынсый жасағымыз келіп тұр.

–       Жақсы, онда бір уақытты белгілеп, сіздерге барайын...

Телефон шалған – 83205 әскери бөлімінің сержанты Алмас Елеусізқұлұлы. Оның «өткендегі» деуінде себеп бар. Алдында сол бөлімде болып, жоғарыда есімдері аталған жандармен таныс-біліс болып ем. Сол кезде екеуі де емен-жарқын жүздесіп, қойған сұрақтарыма іркілмей жауап беріп еді. Аздап өздері жайында да айта кеткен сол жолы. Реті келгенде, «осы кісілер жайында жазармын» деп жүргенде... Бұл құланның қасуына, мылтықтың басуы болды.

Не дегенмен де, қорғаныс саласында ер адамдармен иық теңестіре, қызмет істеп жүрген нәзікжандылар емес пе?! Осыны ескеріп, кейіпкерлеріміздің жұмыс орнына тарттық.

Иә, екі кейіпкердің де әскери салада қызмет етіп жүргеніне он бес жылға таман уақыт өтіпті.  Бибігүл Қонысбайқызы – орыс тілі мен әдебиет маманы.  Кеңес өкіметінің кезінде Украина еліндегі Н.Г.Гоголь атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын тамамдаған ол алғашқы еңбек жолын мектептегі оқытушылық қызметтен бастаған. Кейін өмірлік қосағы әскери адам болған соң, еліміздің қорғаныс саласына қарай бет бұрғанды жөн санайды. Алдымен, 2001 жылдың желтоқсан айында 01731 әскери бөліміне әскерге шақырылды. Содан бері, яғни 2001-2015 жылдар аралығында әскери бөлімдерде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарып келген екен. Атап айтатын болсақ, материалдық қамтамасыз ету ротасының қойма бастығы, мемлекеттік тілді енгізу тобының (оқытушысы) офицері, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар (мемлекеттік-құқықтық дайындық және әскери тәртіп)  жөніндегі аға офицері. Осы жылдар ішіндегі еңбегі елеусіз де қалмады. Қызмет еткен жылдары ҚР ҚК 10 жыл, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», ҚР ҚК 20 жыл медальдарымен марапатталып, мерейі үстем болды.

Отбасында ұл-қыз тәрбиелеп, ардақты отанасы болып отырған Бибігүл Аманбаева қызметтестер арасында сыйға бөленіп те жүр.

Тек Бибігүл ғана емес, бұл бөлімде құрметке лайық тағы бір әйелзаты –саптық және кадр бөлімінің жауапты орындаушысы (аға маман)  прапорщик Казина Алияахметқызы. Ол 1998 жылдары әскери салада қызметкер болып жұмысын бастайды. 2000 жылы әскер қатарына шақырылып қатардағы жауынгер әскери атағымен іс жүргізуші лауазымынан бастап, бүгінгі таңдағы атқарып жүрген лауазымымен прапорщик атағына дейін жетті.Техникалық қамтамасыз ету бөлімде ұзақ уақыт қажымай еңбек етіп, өз үлесін қосты. «...Ана көрген тон пішер» демей ме?! Сол айтпақшы, анасының қуанышы, сүйеніші болған қызы да әскери саланы таңдап, анасының жолын қуып, Отанына қызмет етіп, әскери қыз-келіншектер қатарынан табылуда.

Міне, кейінгі өмірлерін әскери саламен сабақтастырған Бибігүл мен Казина талай соқпақты-соқпақсыз жерлерден өтіп, асулардан асып, бүгінгі белестеріне жетіп отыр. Ол – зейнеткерліктің белесі. Аяулы жан, асыл аналар ендігісін бейнетінен зейнетін көрсінші. Бір бөлімнен ұшқан қос қарлығаштың дендеріне саулық, отбастарыңа амандық, берекелі де мерекелі тірлік тілелік!


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"