Ең көп шырқалатын патриоттық әндер топтамасы

Интернет қолданушылардың пікірінше, ең көп шырқалатын патриоттық әндер төмендегідей екен.

1. Ең бірінші болып, 1956 жылы тың игеру кезінде Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні тұр. 2006 жылдың 7 қаңтарында Елбасы тарапынан мәтініне түзетулер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Әнұранына айналды. Тарихи шындықпен астарласып жатқан бұл әннің деңгейі де, дәрежесі де бір бөлек.

2. Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекені» де тыңдарманның отансүйгіштік рухын оятып, делебесін қоздырады. Ол шаттандырып, шарықтатып, асқақтатып жіберетін әндердің әлі де көшбасында келеді. Қуаныш-қайғысын әнмен жеңілдететін қазақ үшін бұл ән  қашанда халықтың сұранысына ие. Қазақ ССР-ның 50 жылдық мерейтойына жазылып, патриоттық рухтың құнарлы мәйегіне айналған «Атамекен» әніне  биыл 45 жыл толып отыр екен.

3. Елді жігерлендіретін тағы бір ән 1996 жылы дүниеге келген еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Елім менің» атты әні бірден тыңдарман жүрегін жаулап алды.

4. Төрт құбыласы тең түскен әннің тағы бірі – 90-шы жылдардың ортасында туған Роза Рымбаеваның орындауындағы «Қазақ елі». Әнін жазған — Сейдолла Бәйтереков, сөзі – Шөмішбай Сариевтікі. Біршама лирикалық сарынмен астасып жатса да, бұл ән төбе құйқаңды шымырлатпай қоймайды.

5. Келесі кезекте Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің әні «Өз елім». Орнымыздан тік тұрып құрмет көрсетпесек болмайтындай көрінетін бұл әнді, ойда жоқта естіп қалсақ, іштегі патриоттық сезім тулап қоя беретіні өтірік емес.

6. Соңғы 5-6 жылда халықтың ерекше ықыласына бөленген, жанды тебірентіп, рухты оятатын, нағыз патриоттық ән — Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені».  1992 жылдың 22 мамырында Тәуелсіз елдің көк туы қабылданған болатын.  Көгілдір экраннан Елбасының байрақты тізерлеп тұрып сүйгенін көрген ақын Алмас Ахметбекұлының сағынышы мен махаббатынан туған жыр жолдарына марқұм Ермұрат Зейіпхан әуен жазады. Алғашында опера жұлдызы Майра Мұхамедқызының орындауындағы бұл әнді Ибрагим Ескендір домбырасына салып, тыңдарман қауымның көңілін ерекше баурап алады.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"