Универсиада - 2017: Қанатыңды кең серпі!

Баршамызға белгілі, 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алатаудың баурайында орналасқан әсем шаhарымыз Алматы қаласында XXVIII-ші халықаралық универсиада өтпек. Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды.

Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.

Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты әлемге танытудың бірден-бір жолы спорттық бәсекелер екенін жыл сайынғы Жолдауында айтып өтеді. Демек, қысқы Универсиада – Қазақстанды әлемге танытатын ең ірі спорттық дода болмақшы.

Жалпы алғанда, студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өткен болатын. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бірден-бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде дамыту.

Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.

Мегаполисті ірі спорттық шараға дайындаудағы инфрақұрылымдық база қызметін 2011 жылы өткен 7-қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандар атқарып отыр. Атап айтқанда, «Сұңқар» халықаралық шаңғыдан секіру кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және Алматы облысындағы Шаңғы-биатлон стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыстары сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы курортында өтеді. Универсиада үшін қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз аренасы және Атлеттер қалашықтары жұмылдырмақ.

Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.

Универсиада сөзінің шығу төркініне көз жүгіртсек, универсиада – Олимпиада ойындарынан бір саты төмен тұратын бүкіләлемдік спорт бәсекесі болып саналады.Универсиада – дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш. International University Sports Federation (FISU) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналды. Әдетте, универсиадаға қатысатын спортшылардың жасы 17-ден төмен, 28-ден жоғары болмауы тиіс.

Қазіргі таңда қысқы универсиадаға қатысты ұйымдастырушылық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Универсиада қатысушыларын Алматы қаласының халықаралық әуежай қызметшілері күнделікті басқосулармен жүзеге асыруда. Сонымен қатар, универсиада қарсаңында  ағылшын тілін жақсы меңгеретін жастарымызға, еріктілерге уақытша жұмыс көзі де ұсынылмақ. Демек, дайындық жұмыстары қызу үстінде жүріп жатыр. Осы орайда, біздің ҚР ҚМ Алматы қаласындағы РЭжБӘИИ білім алушылары да тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, біздің институт 2-ші және 4-ші курс білім алушылары толықтай қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмылдырмақ. Яғни, универсиада спортшыларын, қазақ спортшыларын биік шыңдарға бастап, Қазақстанды әлемге жаңа қырынан танытуда орасан зор еңбектер атқарылып жатқандығы қуантарлық жайт. Сонымен қатар, Алматы қаласының кейбір сауда орындары универсиада кезінде толықтай жұмыстарын тоқтатып спортшыларға, қала қонақтарына ешбір кедергі келтірмес деген мақсатпен жүзеге аспақ. Және де, Алматы қаласының мектеп оқушылары да тағы бір мәрте қысқы қосымша демалысқа шығып, өз отбасыларымен қысқы доданы тамашалауға бірден-бір мүмкіндік алатындығы үлкен бір тарихи оқиғаға айналмақ. РЭжБӘИИ-де универсиада тарихын әдістеме саласында да ұштастыруға әбден болады. Мәселен, 2-курсқа арналған оқу бағдарламасына сәйкес шет тілі пәні бойынша 21/1 Sport. Fitness. тақырыбы төңірегінде көрнекілік сабақ мақсат етіліп отыр. Демек, заманауи әдістерді кеңінен қолдана отырып күнделікті өмрдегі болып жатқан іс-шараларды әскери компонент ретінде әбден қарастыруға болады.

Қорытындылай келе, дүбірлі додада елміздің жастарына, спортшыларына, универсиада қатысушыларына барынша қолдау көрсетейік. Өйткені аталған іс-шараның келешек ұрпаққа берері мол болмақ. 

 

Акбота Кұсайынова

Алматы қаласы РЭжБӘИИ

Жалпы әскери факультет

Шет тілдер кафедрасының оқытушысы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"