Қазақстандық дзюдошылардан басқа чемпионатқа Вьетнам, Қытай, Моңғолия, Ресей және Солтүстік Кореяның мықты спортшылары қатысты. Сайыстың ұйымдастырушылары ретінде Армиялық спорттың дүниежүзілік кеңесі болды.
ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы ефрейтор Ғұмар Қырғызбаев турнирдің күміс жүлдегері атанды. Құрамамыздың қоржынын Назгүл Құбашева мен Қажымұқан Өтеулиев қола медальдармен толтырды. Сондай-ақ чемпионат шеңберінде дзюдошылар «стенка на стенку» командалық біріншілігінде кездесті.
Армиялық спортшылар қола жүлдегер атанды. Бірінші орынды Ресейдің құрамасы еншілесе, екінші орынды Моңғолияның құрамасы иеленді. Биылғы жылы дзюдодан АОСК-ның штаттық командасы алғаш рет қыздармен толыққанын айта кету қажет. Сонымен, Назгүл Құбашевадан басқа, әрі қарай Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын республикалық және халықаралық сайыстарда Қазақстанның чемпионы кіші сержант Зәмзәгүл Файзолланова қорғайтын болады.