Шығыс Қазақстанда спорттық бағдарлаудан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Спорттық бағдарлаудан АОСК штаттық командасының қысқы маусымы бастау алды. Үш күн бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған үздік бағдарлаушылар қысқа және ұзақ қашықтықтарда, спринт пен эстафетада үздік деген атақ үшін бақ сынасты.  

Армиялық спортшылар өздерінің қарсыластарына мүмкіндік бермей барлық сайыс түрлерінде медальдарды жеңіп алды. Қысқа қашықтықта ефрейтор Азат Назыров чемпион атанды. Күміс медальді капитан Денис Власов жеңіп алды. Әйелдер арасында Әсем Назырова үздік деп танылса, «күміс» жүлдені сержант Эльмира Молдашева еншіледі.
Ерлер арасындағы спринтте күміс жүлдегер атанған ефрейтор Азат Назыровты 9 секундқа оза шауып, ефрейтор Дмитрий Адамович чемпион атанды. Дәл осы спорт түрінде әйелдер арасында алтын медальді Әсем Назырова жеңіп алды. Сержант Эльмира Молдашева күміс жүлдегер атанды. Ұқсас нәтижелерді қыздар ұзақ қышықтықта да көрсетті.
Ұзақ қашықтықта АОСК штаттық командасының спортшысы Федор Сухоносов Қазақстанның чемпионы атанды. Күміс жүлдені кпаитан Денис Власов, қола медальді ефрейтор Дмитрий Адамович қанжығасына байлады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"