"Шығыс" ӨңҚ әскерилері соғыс ардагерін мерейтойымен құттықтады

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 30217 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Федорович Беличті 90 жасқа толуымен құттықтады.

Василий Федорович Белич 17 жасында өз еркімен соғысқа сұранды. ІІМ 44-ші полкінде, 1945-ші жылдан бастап Қиыр шығыстағы майданда болды.

Ол – жапониялық милитаристерге қарсы соғыстың куәгері, Кеңес Одағының Әскери қолбасшысы И.Сталиннің алғысын да алған. Елге аман-есен оралған соң, Семейдегі 1-ші автопаркте көлік жүргізушісі қызметіне орналасты. «Техникаға бала күнінмнен жаным жақын. Алғашқыда ГАЗ-51 көлігін жүргізіп, көп ұзамай көліктердің техникасын жетік білуге әуестендім. 36 жылдың ішінде бірде-бір мәрте жол апатын жасаған емеспін. Негізі шын ынтамен тындырылған жұмыс қана зор нәтиже береді. Кім сапалы еңбек етсе – бақыт соған қонады» дейді талай қанды қырғынды басынан кешірген қария.

   Жасы тоқсанға келсе де, тыным таппаған Василий Федорович бау-бақшасында жүзім өсірумен айналысады. Еңбегі мен арманын ардақтап, өмірін өрнектеген Василий Федорович Беличтің өмірлік қағидасы: берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле. Көрнекті ісімен көпшілікке үлгі-өнеге болған ардагердің ендігі арманы – бар білген-түйгенін жас ұрпаққа үйрету.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"