«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы чемпионатының жазғы кезеңі өтті

2016 оқу жылына бекітілген негізгі спорттық-бұқара және ұйымдастыру-әдістемелік шаралардың жоспар-күнтізбесіне сәйкес, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы чемпионатының жазғы кезеңі өтті. Оған 215 әскери қызметші қатысты.

АК-3 табельді қарудан атудан 44736 әскери бөлімінен сержант С.Бекібаев (ұпай жиыны 245), 35804 әскери бөлімінен 2-ші сынып сержанты Е.Бергенов (ұпай жиыны 238), 36803 әскери бөлімінен подполковник К.Әбдіқұлов (ұпай жиыны 228) алғашқы үштікке ілінді. ПМ-3 табельді қарудан атудан 36803 әскери бөлімінен подполковник К.Әбдіқұлов (ұпай жиыны 253), 32388 әскери бөлімінен майор К.Кахаров (ұпай жиыны 251), 32388 әскери бөлімінен лейтенант А.Разиев (ұпай жиыны 250) озық шықты. Әйелдер арасында ПМ-3 табельді қарудан атудан ефрейтор Т.Кузнецова (ұпай жиыны 75), аға лейтенант А.Жұмалинова (ұпай жиыны 50), ефрейтор Ж.Темірбаева (ұпай жиыны 32) ерекшеленді. Табельді қарудан атудан командалық қорытынды бойынша алғашқы орын 1246 ұпай жинақтаған 36803 әскери бөліміне берілді. Келесі орын 1239 ұпай жинақтаған 30217 әскери бөліміне бұйырды. Соңғысын 1212 ұпаймен 35804 әскери бөлімі місе тұтты.

   Әскери-спорттық кешеннің көпсайысынан 4642 ұпаймен 44736 әскери бөлімінен ефрейтор М.Түсіпжанов, 4315 ұпаймен 36803 әскери бөлімінен қатардағы Р. Утесинов, 4249 ұпаймен 44736 әскери бөлімінен ефрейтор М.Әнуарбекұлы жүлделі орындарды жеңіп алды. Ал, командалар арасында 44736, 36803, 54770 әскери бөлімдері топты жарды. Әскери үшсайыстан

ефрейтор М.Түсіпжанов, (44736 әскери бөлімі), ефрейтор М.Әнуарбекұлы (44736 әскери бөлімі), қатардағы Р. Утесинов (36803 әскери бөлімі) жақсы жетістіктерімен көзге түсті. 44736, 36803, 30217 әскери бөлімі командалар арасында үздік атанды. Сондай-ақ, спорттық бағдарлау бойынша 44736, 30217, 35411 әскери бөлімдері жеңімпаз атанды. Тоғыз құмалақтан 30217, 44793, 44736 әскери бөлімдерінің командалары ұтты.

   Армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша жеке нәтиже мынадай:

60 келіге дейін

1-ші орын – ефрейтор Д.Қабыкенов (44736 әскери бөлімі)

2-ші орын – ефрейтор М.Әнуарбекұлы (44736 әскери бөлімі)

3-ші орын – кіші сержант Б.Ағбатұлы (30217 әскери бөлімі)

 

65 келіге дейін

1-ші орын – ефрейтор А.Баяхметов (44793 әскери бөлімі)

2-ші орын – кіші сержант А.Оспанов (30217 әскери бөлімі)

3-ші орын – ефрейтор Е.Муськов (32388 әскери бөлімі)

 

70 келіге дейін

1-ші орын – қатардағы Р. Утесинов (36803 әскери бөлімі)

2-ші орын – лейтенант М.Әбдіғали (30217 әскери бөлімі)

3-ші орын – сержант К.Ахметов (28738 әскери бөлімі)

75 келіге дейін

1-ші орын – кіші сержант М.Олжабаев (36803 әскери бөлімі)

2-ші орын – кіші сержант Ж.Қалиақпаров (28738 әскери бөлімі)

3-ші орын – ефрейтор А.Әбдрахманов (28738 әскери бөлімі)

 

80 келіге дейін

1-ші орын – аға сержант Д.Мұсатаев (44736 әскери бөлімі)

2-ші орын – кіші сержант А.Еңсебаев (36803 әскери бөлімі)

3-ші орын – лейтенант А.Байғалиев (30217 әскери бөлімі)

 

85 келіге дейін

1-ші орын – ефрейтор С.Өсербай (44736 әскери бөлімі)

2-ші орын – кіші сержант Ж.Дәрібаев (32388 әскери бөлімі)

3-ші орын – лейтенант Т.Қайрулин (44736 әскери бөлімі)

 

85 келіден астам

1-ші орын – аға сержант Д.Дауытханов (44736 әскери бөлімі)

2-ші орын – аға сержант А.Жотабаев (28738 әскери бөлімі)

3-ші орын – кіші сержант Т.Саудабаев (44736 әскери бөлімі)

 

   Армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша командалар арасында 44736, 28738, 30217әскери бөлімдері үздік шықты. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы чемпионатының жазғы кезеңінде 44736, 36803, 54770, 30217, 28738 әскери бөлімдері әскерилерінің спорттық-техникалық дайындығы мен жеңіске деген ерік-жігері жоғары бағаланды. Барлық жеңімпаздар ауыспалы кубокпен, мақтау грамоталарымен, сыйлықтармен марапатталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков