ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары қысқы Универсиада алауын алып жүреді

Аталған Универисада эстафетасының алауы – бұл жарыстардың тарихында бұрын болмаған ерекше концепция. Алау еліміздің 16 өңірінде жағылып, соңы Алматыда түйінделмек. Сонымен қатар, алматының даңғыл жолының бойымен 100 алау ұстаушылардың қатысуымен өтетін оның ең ұзақ өту ара қашықтығы 20 км болмақ. Құрметті алау ұстаушылардың бірі – альпинист Мақсұт Жұмаев – өзі бағындырған шыңдарға қысқы Универсиаданың туын тіккен. «Қазақстан универсиада өткізу құқығына ие болғаннан бері менің жоғары үш контигент нүктесіне үш маңызды шығуым болды.

Олар, Еуропада – Эльбрус, Солтүстік Америкада – Денали, ал Оңтүстік Америкада – Аконкагуа болды. Бұл шыңдардың әрбірі «Жеті шың» альпинизм бағдарламасының аясында маңызды шығулар болып табылады. Маған аталған шыңдарға шығып, оларға универисаданың туын тігу мүмкіндігі тиді», - деп ойымен бөлісті альпинист. Естеріңізге сала кетсек, ХХVIII қысқы Универсиада 29 қаңтарда Алматы қаласында басталады. Жарысқа әлемнің 7 елінен 3 500 спортшы қатысады.

Айтулы жарыста спорттың 12 түрі бар: атап айтқанда, биатлон, тау шаңғысы және конькимен жүгіру спорты, керлинг, шаңғы қос жарысы, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру жарысы, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей мен шорт-трек. Қазақстанның құрамасына ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының тоғыз спортшысы кірді. Әскери қызметшілер биатлоннан, шаңғы жарысынан және шайбалы хоккейден жүлделі орындар үшін бақ сынайтын болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"