ҚР ҚМ АОСК дзюдошылары әлемдік турнирдің жеңімпаздары атанды

ҚР ҚМ АОСК дзюдошылары әлемдік турнирдің жеңімпаздары атанды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Швейцарияда Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) шеңберінде дзюдодан әскери қызметшілер арасында 37-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстандық дзюдошылар, ҚР ҚМ АОСК-ның ефрейторлары Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтар турнирдің жеңімпаздары қатарына кірді.

60 келі салмақта ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев алжирлық спортшыны ойсырата жеңіп, шешуші кезеңде, яғни, финалда Тунистің спортшысын шаң қаптырды. Оның ағасы ефрейтор Ғұмар Қырғызбаев 66 келі салмақта қазақстандық құраманың қоржынын қола медальмен толықтырды. Сайысқа барлығы әлемнің 30 елінен келген 190 мықты спортшы қатысты.

Қазақстан Қарулы Күштері құрамасының намысын ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының 8 спортшысы қорғады. ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында атап өткендей, ағайындылар Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтар мықты, кәсіпқой спортшылар болып табылады. Оның айқын дәлелі ретінде республикалық және халықаралық деңгейлердегі турнирлер негіз бола алады. Бір сөзбен айтқанда, ағымдағы жылдың күзінде олар «қазақша күрестен» әлем чемпиондары атанды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа