Қорғаныс министрлігінде бокстан халықаралық жарыстар өтуде

Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы Орталық спорт клубының базасында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған дәстүрлі бокс турнирі өтіп жатыр.

25-ші мерейтойлық турнирдің ашылу рәсіміне Олимпиада чемпиондары, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының бастығы Ольга Шишигина мен Ермахан Ибрагимов қатысты.
–Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирдің ашылуында сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Бұл ұлы, құрметті адам туралы жақсы естелік әрқашан біздің жадымызда сақталмақ. Жанкүйерлер тартысты жекпе-жекті тамашалап, нағыз мықтылар жеңіске жетсін! – деді Ольга Шишигина.  
Аталған турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысты. Ақтық жекпе-жек және жабылу рәсімі 15 мамырға жоспарланып отыр.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"