Қорғаныс министрі армия спортшыларына Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін алғыс білдірді

Токио Олимпиадасына Қазақстан атынан 95 қатысушының  18-і Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшылары болып табылады. Олардың қатарында бокстан «қола» медальді жеңіп алған ефрейтор Сәкен Бибосынов та бар.

– Кез келген спортшының арманы – Олимпиадада өнер көрсету. Сіздер Олимпиадаға қатысу үшін лицензияға қол жеткізумен өз шеберлігіңізді іс жүзінде дәлелдеп, ірі халықаралық спорт форумында Қазақстанның намысын қорғау құрметіне ие болдыңыз.
Әлемнің ең мықты спортшыларымен болған бәсекелестікте жоғары нәтижеге қол жеткізу әркімге бұйыра бермейді. Бұл сайыс болғандықтан онда жеңіс те, жеңіліс те болады.  
Қандай жағдай болмасын, Сіздер армия спортының туын абыроймен желбіретудесіз. Сіздерге өз ісіңізге деген адалдығыңыз, жеңіске деген күш-жігеріңіз үшін алғыс білдіремін.
Енді жаттығулар мен жиындар барысында барлық күш-жігерді кәсіби шеберлікті одан әрі жетілдіруге жұмсап, өз біліктілігіңізді, іскерлігіңіз бен дағдыңызды басқа әскери қызметшілерге үйрету қажет. Армия спортшыларын алдағы уақытта ұлттық және халықаралық жарыстарда  жоғары жетістіктер күтіп тұр деп сенемін, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Зарубежные "клоны" автомата Калашникова

Зарубежные "клоны" автомата Калашникова

Военно-транспортный самолет Airbus A400M

Военно-транспортный самолет Airbus A400M