Қазақстанның ұлттық құрамына кірді

Қарағандыда Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының қолдауымен ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда Қазақстан Қарулы Күштерінің спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.  

Сайысқа барлығы 160-тан аса жауынгер қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК-ның спортшысы Қазбек Сағын және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Регина Максимова жеңімпаз атанды. Екінші орынды 65 келіге дейінгі салмақта Жандос Мадехиянов, 65 келіге дейінгі салмақта Сора Рахманова және 90 келіден аса салмақта Ақмола гарнизонының әскери қызметшісі Жақсыбек Шынықұлов иеленді. Қола медальді 55 келіге дейінгі салмақта Ақмола гарнизонының әскери қызметшісі Аман Шәкіртов пен 70 келіге дейінгі салмақта Мадияр Тілеулинов еншіледі.

«Турнир жоғары деңгейде өтті. Спортшылар шеберліктің жоғары деңгейін, рух күші мен ымырасыз күресті паш етті. Армияшылар үшін қоян-қолтық ұрыс дене даярлығының маңызды элементтерінің бірі болып табылатынын айта кеткен жөн. Қоян-қолтық ұрыс көптеген жекпе-жектердің үздік элементтерін қамтиды», - деді Спорт комитетінің төрағасы – АОСК бастығының ЛУА Айталап Қорғамбаев.

Сайыс нәтижелеріне сәйкес еліміздің намысын халықаралық аренада қорғайтын Қазақстан Республикасы ұлттық командасының мүшелері іріктелгенін айта кетейік.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"