Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметші боксшылар марапатталды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Құрлық әскерлерінің бокстан IV ашық турнирі аяқталды. Қазақстандық армияның 25 жылдығына арналған сайыста үздік былғары қолғап шебері атағына сегіз салмақтық санатта шамамен 70 әскери қызметші бақ сынасты.

Дода халықаралық бокс федерациясының АIBА халықаралық ережелері бойынша өткізілді. Боксшылар 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 келіге дейін және 91 келіден жоғары салмақта әрқайсысында 10 әскери қызметшіден құралған команда құрамында өнер көрсетті.

Сайыс барысында спортшылар арасында ымырасыз бәсеке болды. Бұл жарыста ең мықтылар әрі жақсы дайындалғандар анықталды. Жекпе-жекті бақылап отырған бокстан олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің дене даярлығының жоғары деңгейін және жалпы қазақстандық армияда бокстың дамуын атап өтті. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Десанттық-шабуылдау әскерлерінің командасы жеңімпаз атанды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы екінші орынды еншілесе, турнирге алғаш рет қатысқан ҚР Ұлттық ұланының боксшылары үшінші орынды місе тұтты. Шеберліктің жоғары деңгейін паш еткен Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен ҚР ҚМ Кадет корпусының командалары үшін де бұл турнир алғашқы болды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"