Қазақстандық әскери қызметшілер жүлдегер атанды

Армия орталық спорт клубының спортшылары республикалық жарыста алтын медальді қанжығаларына байлады.

Астана қаласындағы «Дәулет» спорт комбинатында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан жеке және топтық чемпионат өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша, абсолютті салмақтағы Армия орталық спорт клубының жауынгері Ерасыл Қажыбайұлы Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Республикалық біріншілікке еліміздің 14 облысынан, сонымен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы бақтарын сынады. Ақтау қаласында бокстан ұлттық біріншілікте Армия орталық спорт клубының спортшылары Әбілхан Аманқұл мен Қайрат Ералиев Қазақстан Республикасының «алтын» жүлдесіне қол жеткізді. Мықтыларды анықтайтын сайысқа 200 спортшы қатысты. Әуесқой бокста салмақ санаттарының қысқартылуына қарамастан, оннан сегізге дейінгі форматта өткізілді. Турнирдің абсолютті жеңімпаздарынан басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметкері Асланбек Шымбергенов финалда Қарағанды облысының спортшысына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Немецкая индивидуальная экипировка солдата будущего IdZ-ES

Немецкая индивидуальная экипировка солдата будущего IdZ-ES

Как подготовить организм к холодам?

Как подготовить организм к холодам?