Қарулы Күштерде үздік әскери атқыштар анықталды

Алматы облысының «Іле» полигонында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері арасында табельдік қарудан атыс жарысы өтті.

Жарысқа Қарулы Күштердің, Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның құрылымдық бөлімшелері мен оқу орындарынан 17 команда қатысты.
– Жарыс бағдарламаның екі: Калашников автоматынан жатып, тұрып, тізерлеген қалыпта 100 метрге бөлек ату және Макаров тапаншасынан тұрып 25 метрге ату түрінде өтті. Нысананы дәл көздейтін сұрмергендер ең көп ұпай саны бойынша анықталды, – деді жарыс бас төрешісінің орынбасары майор Атахан Нұридинов.
«Іле» полигонының сапалы техникалық жарақтандырылуы мен жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік берген мамандардың кәсіби шеберлігі атап өтілді.
Жалпы командалық есепте Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері жеңіске жетіп, екінші орын 14776 әскери бөлімінің спортшыларына бұйырды. Үздік үштікті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері тұйықтады.
ТМД мемлекеттерінің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы спорт комитетінің және CISM (халықаралық әскери спорт кеңесі) Дүниежүзілік әскери ойындарының қолдауымен өткізілетін чемпионаттарға одан әрі қатысу үшін жарыс қорытындылары бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар құрама командаға кіреді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"