Қарулы Күштерде «Әскер барысы – 2021» турнирі өтеді

Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен «Әскер барысы» атағына іріктеу турнирі 19 наурызда Алматыдағы армиялық Орталық спорт клубының базасында өтеді.

– Қазақстан Республикасының барлық күш құрылымдарының қырықтан астам білекті палуандары «Әскер барысы» атағы үшін сайысқа түседі. Турнир финалистері қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алатын болады, – деді
ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының төрағасы Айталап Құрғамбаев.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыстар көрермендерсіз өтеді. Жанкүйерлер жекпе-жекті Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі орталық спорт клубының (csk.kaz) ресми аккаунттары арқылы онлайн көрсетілім режимінде көре алады.  
2018 – 2019 жылдары «Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы әскери спортшы ефрейтор Ерасыл Қажыбаев атанғанын айта кету керек. Ол «Қазақстан Барысы» күміс белбеуін екі рет жеңіп алды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"