Қарулы Күштердің офицері ультрамарафон бойынша жаңа рекорд орнатты

Қарағанды гарнизонындағы әскери полиция бөлімінің офицері аға лейтенант Заңғар Әлкенов «Қарағанды-Жаңаарқа» бағыты бойынша 200 шықырым қашықтыққа ультрамарафонды аяқтады. Жүгірісін 35 сағат 11 минут 52 секунтта аяқтап, ҚР Қарулы Күштері офицерлерінің арасында жаңа рекорд орнатты.

Офицер Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктінен бастады. 200 шақырымды 48 сағаттың ішінде еңсеруді жоспарлаған ол, марафонды белгіленген уақытынан бұрын аяқтады.
Марафон барысы жүгірушінің бағыты мен уақытын онлайн режимінде қадағалауға болатын навигациялық платформаның көмегімен бақыланды. Барлық қашықтықта әскери қызметшінің жанында медициналық мамандар мен әскери полиция органдарының өкілдері жүрді.

«Марафонның бірінші күні 100 шақырым қашықтықты жүріп өтуді жоспарладым, бірақ өзімді жақсы көрсеткішке қол жеткізетінімді сезініп 130 шақырым қашықтықты жүріп өттім. Екінші күнге 70 шақырым қашықтықты қалдырдым. Ең қиыны соңғы 20 шақырым болды, алайда мен оны жеңдім», - дейді Заңғар Әлкенов.
Мәреде офицерді туған-туыстары мен әріптестері, сондай-ақ Жаңаарқа ауданының тұрғындары қарсы алды.
Айта кету керек, аға лейтенант Заңғар Әлкенов – қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдо мен самбодан спорт шеберіне үміткер. Алғаш рет 15 шақырым қашықтықты, содан кейін 21, 42, 75, 83 шақырым қашықтықты бағындырған. Ал қазіргі ультрамарафонға дейінгі ең ұзын қашықтығы 130 шақырым болған.
Әскери қызметшіге 200 шақырымдық ультрамарафонды бағындырғанын дәлелдейтін сертификат маниторинг пен тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін беріледі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"