Қазақстан спортшылары Рио олимпиадасына әуесқой бокстан он жолдама алды

Қытайда бокстан Рио олимпиадасына Азия және мұхиттық аймақтан іріктеу аяқталды. Сөйтіп, әуесқой бокстан Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарына тарихи он жолдамаға ие болды. Демек, Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада әр салмақ дәрежесінде бір қазақстандық боксшыдан өнер көрсетеді. Сонымен...

Олимпиада ойындарына толық он лизенция алған қазақстандық боксшылардың тізімі мынадай:

49 келі: Біржан ЖАҚЫПОВ

52 келі: Олжас СӘТТІБАЕВ

56 келі: Қайрат ЕРАЛИЕВ

60 келі: Берік ӘБДІРАХМАНОВ

64 келі: Абылайхан ЖҮСІПОВ

69 келі: Данияр ЕЛЕУСІНОВ (команда капитаны)

75 келі: Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ

81 келі: Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВ

91 келі: Василий ЛЕВИТ

+ 91 келі: Иван ДЫЧКО

Айта кетерлік қызықты деректер:

·         Әзірге олимпиадаға ерлер арасында толық жолдама алған Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамасы.

·         Қытайда Өзбекстан мен Қазақстан жетпей тұрған алты жолдамасын да иеленді.

·         Біржан Жақып, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко екінші рет олимпиадаға барады

·         Абылайхан Жүсіпов, Олжас Сәттібаев, Қайрат Ералиев, Василий Левит, Жәнібек Әлімханұлы, Берік Әбдірахманов алғаш рет олимпиадаға қатысады.

·         Нанкин олимпиадасында алтын алған боксшылар арасында қазақ Абылайхан Жүсіпов пен өзбек Бектемір Меликузев Риоға барады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"