Нұр-Сұлтанда Қарулы Күштердің 30 жылдығына орай шаңғы жарысы өтті

Елордада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  XII Спартакиадасы аясында Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында шаңғы жарысынан чемпионат өтті.

Жарыс әскерилендірілген эстафета түрінде өткізілді. Құрамында үш ер және бір әйел адам бар 30-дан астам команда толық әскери жабдықпен және қарумен кезең-кезеңмен қашықтықты еңсерді.

– Жыл сайын өтетін осындай жарыстарға әскери қызметшілердің қатысуы ұдайы спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Одан бөлек мұндай жарыстар дене шынықтырумен қатар, әскери ұжымдарды біріктіруге мүмкіндік береді, – деді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы Айталап Құрғамбаев.
Жарыс қорытындысы бойынша Жауынгерлік даярлық департаментінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Кадр департаментінің әскери қызметшілері иеленсе, үшінші орынды Әкімшілік департаментінің командасы місе тұтты.
– Шаңғы жарысында барлығы команданың үйлесімді жұмысына байланысты болады. Жарыстарға мұқият дайындалып, жеңіске жетуге ұмтылдық. Біздің командамыз тату әрі мықты, – деп атап өтті жеңімпаз команданың өкілі подполковник Төлеген Әбетаев.
Бас басқармалар мен басқармалар арасында 14776 әскери бөлімінің әскери қызметшілері алдына жан салмады. Екінші орын Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының командасына бұйырса, үздік үштікті Әскери полиция бас басқармасының әскери қызметшілері түйіндеді.
Қарулы Күштерде шаңғы дайындығы жауынгерлік оқудың ажырамас бір бөлігі әрі қысты күндері күрделі аумақта қозғалудың тиімді құралы болып табылады. Сондықтан жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери қызметшілер бөлімше құрамында оқ атуды жүргізе отырып, шаңғымен ұдайы марш жасайды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"