Геннадий Головкиннің 36-жеңісі

Головкин-Брук кездесуіне бесінші раундта нүкте қойылды. Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті нокаутпен жеңді. Бұл Геннадий Головкиннің 36-жеңісі еді.

Түн ауа тағы теледидарға телмірдік. Бұл жолы жойқын жұдырықтың иесі Геннадий Головкин мен британдық боксшы Келл Бруктың жекпе-жегін тамашалау үшін бұйырған уақыт осы болды. Боксшымыздың жекпе-жегін тамашалауға сол мезетте экран алдында ғана емес, оның жанкүйерлері Лондонның 23 мың адамға шақталған 02 аренасына да жиылды.

Осы Ұлыбританияда жекпе-жек өткізу Геннадидің асқақ арманы еді. Соған қол жеткізген жерлесіміз «ә» дегеннен жанкүйерлерін өзіне қаратты. Бірінші ранудтта қарсыласына жұдырықтарын жұмсап,  ол өзінің басымдылығын байқатты. Үшінші раундта боксшымыз Брукті нокдаунға жібергендей болғанымен, британдық спортшы шалынып қалғанын алға тартып, нокдаун алғанын мойындамады.

Бірақ, Келл Брук үшін рингтегі айқас оңайға соққан жоқ. Әсіресі  жекпе-жектің ұзаққа бармайтындығы төртінші раундтан кейін анық байқала бастады. Айқас барысында ол қайта-қайта оң көзін қорғап, қорғанысқа жиі көшкені білініп тұрды.

Бесінші раундта бірінен соң бірі соққылар жаудырған боксшымыз қарсыласын есеңгіретті. Головкиннің кезекті ауыр соққысы британдықты техникалық нокаутқа жіберді. Раунд ортасында Келл Бруктың жағдайы қиындаған соң оның бапкерлер құрамы ортаға ақ орамал тастады.

Сөйтіп, 34 жастағы қазақстандық боксшы 36-жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британдық Келл Брукті (36-0, 25 КО) ойсырата жеңіп, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі.

Жекпе-жектен соң 36 кездесудің 33-ін нокаутпен аяқтап, оның 23-ін рингте мерзімінен бұрын бітірген Головкин барша жанкүйерлеріне алғысын айтып үлгерді.

«Лондонға, жұртшылыққа, барша жанкүйерлерге алғыс айтамын. Қарсыласым Келл  Брук мықты әрі  жақсы боксшы, оның шеберлігіне және менен сескенбей шыққанына  риза болдым. Бұл жекпе-жек мен үшін спарринг сияқты болды, оның маған қарсы шыққаны ешқандай  қолайсыздық тудырған жоқ.  Бапкерінің бесінші раунта ақ орамал лақтырып, жедел шешім қабылдағанын да  түсінемін. Өйткені ол айқастың таяп келе жатқандығын көре білді», - деді Головкин жекпе-жектен кейін журналистерге берген сұхбатында.

Ал, жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатына Келл Брук келе алмағанмен, кейін ол: «Екінші раундта ол менің көз ұяшығымның сүйегін сындырды. Рингте мен оны жоғалтып алдым. Көз алдымда үш-төрт Головкин жүрді. Жекпе-жектің жалғасқаны дұрыс болар еді, бірақ мен шаршы алаңда ойқастап жүрген   қарсыласымның қайсысын ұрарын білмей жаңылыстым. Бірақ оған қарсы тұрдым. Жанкүйерлерге де біздің айқасымыз ұнады деп ойлаймын», - деп, алғашқы раундтарда жойқын жұдырық иесінен жарақат алғанын мойындады.

Не дегенмен, Лондон төрінде өткен жекпе-жек көптің көңілінен шықты. Екі боксшы да кездесу барысында бокс майталмандары екенін көрсетті. Еске сала кетейік, Головкин де, Брук те осы жұдырықтасудан соң рекорд сыйақы алады. Daily Star мәліметіне сүйенсек, Головкинге осы кездесуден соң 4 миллион доллар беріледі. Осыған дейінгі ең көп сыйақыны Доминик Уэйд пен Давид Лемье секілді боксшылармен өткізген жұдырықтасуынан кейін алған еді. Ол кездегі сома 2 миллион доллар болған. Осы кездесудің нәтижесінде Брук 3 миллион доллар алады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"