Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Твиттердегі жеке парақшасында британдық боксшы Келл Брукпен өтетін жекпе-жегіне дайындық барысы туралы жазды, - деп хабарлайды Қазақпарат.
«Мен Брукпен жұдырықтасу үшін күн үзбестен дайындалып келемін. Мен шоуға дайындалып жатырмын», - деп жазды Г.Головкин.
Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонда өтеді.
Осыдан кейін, GGG қараша немесе желтоқсанда тағы бір кездесу өткізбек. Оның ықтимал қарсыластары - Дэниэл Джейкобс, Крис Юбэнк-кішісі және Хильберто Рамирес.