Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Сүйінші! Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы 69 келіге дейінгі салмақта қазақ қызы ел қоржынына екінші күміс жүлдені сыйлады. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 259 келіні бағындырды.

Жазира серпе көтеруде алдымен 140 келіге тапсырыс берді. Алайда оны бағындыра алмады. екінші мүмкіндігінде ол осы салмаққа қайта ұсыныс беріп, екіншісінде еркін көтерді. Ал үшінші  мүмкіндігінде Жазира Жаппарқұл 144 келіні бағындырды. Қос сайыстың қорытындысы бойынша жерлесіміз 259 келімен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері және қазақ қыздарынан тұңғыш олимпиада жүлдегері атанды. 

Бұл салмақта бас жүлде қоссайыстың қорытындысы бойынша қытай қызы Сян Яньмэйге бұйырды. Үшінші орынды мысырлық Сара Ахмет жеңіп алды. Сонымен, бүгін Олимпиаданың бесінші күні қоржынымызға екінші күміс медаль бұйырды.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"