Үндістандағы Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер әлем чемпионатының шешуші жекпе-жегі өтті. Онда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК-ның спортшысы Жайна Шекербекова күміс медальді жеңіп алды.
Бірінші жекпе-жекте Ж.Шекербекова Ресейден келген Еуропа чемпионы Светлана Солуянованы 5:0 есебімен жеңді. Финалда ол Азия ойындары – 2018 күміс медалінің иегері Солтүстік Кореялық Панг Чхоль Миден жеңіліс тапты. Жайна үшін бұл әлем чемпионатынан екінш жүлде екенін айта кетейік. Екі жыл бұрын Астанада ол «қола» жүлдені иеленді. Барлығы Қазақстан тарихында әлем чемпионатында төрт әйел боксшы жеңіске жетті.