Еліміздің әскери қызметшілері үздік үштіктің қатарынан көрініп келеді

АрХО-2018 бас төрешісі генерал-майор Александр Перязев  брифингті Халықаралық Армия ойындарын техникалық, ақпараттық және медициналық жағынан жоғары деңгейде қамтамасыз еткен барлық жандарға алғысын айтудан бастады.
   Жалпы шілденің 28-інен тамыздың 11-іне дейін жалғасатын АрХО-2018 сайысына 32 мемлекеттен 189 команда қатысып отыр. Бұл дегеніміз осыншама мемлекеттің Қарулы күштерінің беделі сынға түсетін үлкен масштабты қамтыған, тартысқа, қызу бәсекеге толы, біліктілік пен кәсібилік сыналатын бірегей шара. Бұл ойында 1067 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Марапаттауға 28 ауыспалы кубок дайындалған. Ал жарыстың бас марапаты АрХО-2018 Кубогы жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен командаға беріледі. Сонымен енді жарыс барысына тоқталайық.

«ТАНК БИАТЛОНЫ-2018»

     31 шілдедегі жағдай бойынша Халықаралық Армия ойындары шеңберіндегі 28 конкурстың 20-сы басталды. 31 шілдеде Әзірбайжан Республикасында «Теңіз кубогы», Владимир облысының Муром қаласында «Ашық су» сайыстары салтанатты түрде ашылды. Ал «Танк биатлоны» жарысы жайында журналистерге сұхбат берген Бас төреші генерал-майор Роман Бинюковтың айтуы бойынша, жарыстың бірінші кезеңінде «Жеке жарысқа» қатысқан ондаған танк эпипажының ішінен уақыт жағынан Қазақстан командасы үздік шыққан. Екінші орында Қытай, ал үшінші болып Әзірбайжан экипажы келген. Соған қарамастан, генерал Бинюков әзірбайжандық танкшілердің шеберліктерінің жыл өткен сайын артып келе жатқандығын, өткен жылдағы нәтижеге қарағанда 4 мин 30 секундқа жақсы нәтиже көрсеткендігін атап өтті. Ал 8 айналым қорытындысы бойынша

Ресей (бірінші экипаж) 19 мин 37 с, трастан максималдық жылдамдықта жүріп өтуден – 77 км/с көрсеткішімен бірінші орын, Қазақстан (екінші экипаж) 20 мин 57 с көрсеткішімен екінші орын, ал Қытай (екінші экипаж)  20 мин.58 с нәтижемен үшінші орын иеленген.

Ал жарыстың төртінші күні 10,11 айналымда трастан максималдық жылдамдықта жүріп өтуді еңсеру кезінде ресейлік және тәжік танкистерінің техникасы істен шығып қалған. «Танк биатлоны» конкурсының төрешілер комиссиясы жарыс ережесі бойынша экипажға істен шыққан танк орнына резервтегі атыс машинасын және қосымша уақыт беріп, әділ шешім шығарды. Нәтиже бойынша тәжік экипажы – 32 минут 1 секундте, ал ресейлік экипаж – 19 мин. 47 секундте келіп, бұл жолы да ресейлік экипаж жоғары нәтиже көрсетті.

«ДАЛАЛЫҚ АС ҮЙ-2018»

Әскери аспазшылар арасында өтетін жарыс оқ ату даярлығы, қолда бар азық-түліктерден ас әзірлеу, белгілі бір мәзір бойынша тамақ жасау сайыстарынан тұрады. Конкурс 29 шілде мен 12 тамыз аралығында Ресейдің Алабино полигонында өтеді. Команда құрамы басшы, жаттықтырушы, аудармашы, 2 аспазшы, 2 наубайшы, 2 техникалық персоналдан тұрады. Әскери аспазшылардың кәсіби шеберлігін далалық жағдайда сынайтын бұл сайыста негізінен әділқазылар әр ел командасының жасаған тағамының дәмдік қасиетіне, туралу пішіні, түстердің сәйкес келуі, безендірілуі жағына қарайды. Жарыс барысында жасалатын тағамның әскерде пісірілетін тамақтан айырмашылығы мұнда тапсырма бойынша қандай азық-түлік беріледі, тағам соған сәйкес дайындалады. Енді «Далалық ас үй» сайысына қатысуға Ресейдің «Алабино» полигонына келген кәсіби мамандарды сөзге тартып көрсек.

Еврейтер Стас Селезньев. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының аспазшы маманы. Тараз қаласы

–       Біз мұнда далалық ас үй сайысы бойынша келдік. Ас әзірлеу, нан пісіру дегендей. Бүгін міне сайыстың бірінші – қарумен оқ ату кезеңі өтіп жатыр. 12 оқ беріледі. Ең бірінші 3-еуі тексеріп көру үшін беріледі, ал 3-еуін сынақ ретінде тапсырамыз. Одан кейін кезең-кезеңімен өтеді. Екінші кезең ас әзірлеу, кез-келген тамақ әзірлеу. Онда біз өзіміздің дайындауымыздағы ас – ұлттық тағам әзірлейміз. Бізге азық-түлікті белгілі бір ереже бойынша береді, сол берген азық-түліктен біз өзіміз таңдап алып, өзіміздің ұлттық тағамымызды жасадық. Біріншіге кеспе көже, екіншіге қуырдақ жасадық. Салатты ұлттық тағам ретінде жасай алмадық, әрине. Біз салатты қарақұмықтан жасадық. Мұнда тамақты электр энергиясыз, газсыз, далалық жағдайда таза жанар-жағармаймен, пешпен дайындау керек. Кім жоғары балл алады соған байланысты, әрине. Бір ай дайындалдық.

 

Нұрмұхаммед Асқар. Құрлық әскерлері бас қолбасшылығы басқармасының өндірістік қызметінің бастығы

–       Мен ҚР Қарулы күштері командасының жаттықтырушысымын. Далалық ас үй сайысына қатысатын командамыздың құрамында 2 аспазшы, 2 наубайшы бар. Командадағы 3-еуіміз 2016 жылы осы Халықаралық Армия ойындарына қатысқан болатынбыз. Біреуі жаңадан қатысып отыр. 2016 жылғы сайысқа қарағанда биыл өзгешеліктер бар. Биылғы сайыста аспазшылар мен наубайшылар жеке-жеке жарысады. Ал 2016 жылы асты да бірге әзірлеп, бірге пісіріп, бір-біріне көмектескен болатын. Қазір бәрі жеке-жеке. Аспазшы жеке дайындап, өзінің шеберлігін көрсетеді. Наубайшы жеке сайысады. Дайындығымызға келетін болсақ, кеше алдын-ала сайыс өтетін аймақ РФ-да дайындығымызды бір тексеріп көрдік. Біраз ғана айырмашылықтар бар. Мәселен, нан пісірудің техникалық жағында. Біздің Қазақстанда әскери қызметкерлер кеңестік кезеңде шыққан далалық жағдайда қолданылатын тіркемелі нан пісіру блогын қолданады. Ал мында тіркемелі нан пісіру блогының 2015 жылы шыққан жаңа үлгісі қолданылады екен. Айырмашылығы бар, әрине. Қазіргі уақытта жарыс өтетін жерді, техниканы бір шолу жасап, дайындалып жатырмыз. Мәселен, ресейлік командаға жеребе бойынша 5- жұмыс орны, біз дайындалған, Қазақстанда қолданылатын шойын пешпен нан пісіру міндеті жүктелді. Ал бізге, керісінше. Қытайлық команда өздерінің стационарлық, далалық нан пісіру техникасын алып келіпті, бірақ әділқазылар оған рұқсат берген жоқ. Олар да тіркемелі нан пісіру блогында пісіретін болады. Қытай командасы алдын-ала сынама ретінде пісіріп көргенде команданың 50 пайызы нанды дұрыстап пісіре алмады.

«Далалық ас үй» сайысына ОАР-нан қатысып отырған аспазшы

–       ОАР көпұлтты ел болғандықтан, олардың дәстүрлі ұлттық тағамдарының түрлері де өте көп. Мен кішкене европалыққа жақын бір түрін алып қарастырдым. Ол тауық етінің әртүрлі бөліктерінен тағам әзірлеу және қойдың қарнынан тамақ жасау. Өйткені ол біздің мәдениетіміздің бір бөлігі. Негізі конкурс бойынша азық-түліктерді өзің таңдап алмайсың, жарыс шарты бойынша сен күтпеген нәрсені береді. Ал жабылу рәсімінде конкурстан тыс бағдарлама бойынша дәстүрлі тағамыңды әзірлей беруге болады. Ол кезде қажетті азық-түліктерді жеткізіп береді.

 



«ӘСКЕРИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭСТАФЕТА-2018»

Әскери дәрігерлер де Ленинград облысында атыс шебіне шықты. «Әскери медициналық эстафета» халықаралық конкурсының қатысушылары арасында да жарыс басталды. Санкт-Петербургте 31 шілдеде бұл сайыстың бірінші кезеңі – «Штаттық қарудан оқ ату» сайысы өтті. Сайысқа ерлер де, әйелдер де құрамасы қатысады. Халықаралық сайысқа қатысушылар әртүрлі деңгейдегі жаттығулар орындайды. Атап айтқанда, орта медициналық қызметкерлер әділқазылар алдында Калашников автоматымен оқ ата білу, ал дәрігерлер Макаров пистолетімен нысананы көздеу машығын көрсетеді. Оқ ату жаттығуын қатысушылар Әскери-медициналық академияның жабық тирінде жасайды. Ал көрермендер мен жанкүйерлер халықаралық дода барысынан тікелей көрсетілім жасайтын үлкен экран орнатылған стадион трибунасынан көреді.

«ӘСКЕРИ БАРЛАУ ҮЗДІКТЕРІ» 

 

Сібір орталығы болып саналатын, Новосібір қаласында «Әскери барлау үздіктері» конкурсының салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді. Аталмыш додадаға айбынды жауынгерлерімізбен қатар, үш құрлықтың жеті мемлекеті қатысуда. Енді сайыстың ашылу салтанатынан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі капитан Рүстем Игісіновтен келген қысқаша репортажды ұсынсақ.

 

«Жарысты ұйымдастырушылар жағы доданы бастамай жатып, жаттығу сағаттарымен қатар, түрлі мәдени-сауықтыру іс-шараларын қарастырып қойған екен. Салтанатты ашылу іс-шарасы өтетін күні Новосібір жоғары әскери командалық училищесінің аумағында шыршалар отырғызылып, барлаушылар достастығы аллеясы ашылды.

Конкурстың салтанатты ашылуы Новосібір қаласының Орталық саябағында өтті. Іс-шара қала деңгейінде керемет ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар түрлі елдердің сарбаздарын қошеметпен қарсы алды. Келушілер әскери оқу орнының қару-жарақтары мен әскери техникасын тамашалап, қызықты концерттік бағдарламаның куәгері бола алды. Көрермендердің қатарында қаракөз бауырластарымыз да табылды. Жергілікті «Отан» қазақ мәдени орталығы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің мүшелері тарихи Отанының жауынгерлерін жылы қарсы алып, ұйым төрайымы Орынкүл Настаушева жарыс алдында сарбаздарға ақ батасын берді. Жергілікті диаспора өкілдері жарыстың өтетін аймағы «Кольцово» полигонына келіп, қолдау көрсететіндіктерін айтты. Естеріңізге салатын болсақ, «Әскери барлау үздіктері» конкурсы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Новосібір қаласының маңында өтетін болады. Ауыспалы кубок үшін Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Судан, Армения және Зимбабве мемлкеттерінің барлаушылары сынға түседі. Сонымен қоса, жарыс нәтижесі бойынша ең мықты, қайсар жауынгерге «Үздік барлаушы» белгісі беріледі».

 

Қазіргі уақытта Новосібірде «Әскери барлау үздіктері» конкурсының бірінші кезеңі аяқталды. Ол бойынша Қазақстанның әскери қызметкерлері үздік үштіктен көрініп отыр. Новосібір облысының Кольцово полигонында өтіп жатқан сайыстың бірінші кезеңі «Десанттау және марш жасау» деп аталады. Ал екінші кезеңде механик-жүргізушілер жарыс алаңына шығып, шолу тобы арнайы көрсеткіштерді орындайды. Жалпы Армия халықаралық ойындарының «Әскери барлау үздіктері» байқауы бес кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, «Десанттау және марш жасау», «Механик-жүргізушілердің байқауы», «Барлаушының соқпақ жолы» кедергілер кешені, «Оқ ату» және «Тапсырманы орындағаннан кейін жиын ауданына барлау тобының шығуы».  «Қазіргі кезде анағұрлым маңызды элементтер мен нормативтер бойынша күшейтілген жаттығуларды өткізе отырып, бос уақытымыздың әрбір сағатын ұтымды пайдалануға тырысып жатырмыз», - деп хабарлайды команда капитаны  подполковник Дмитрий Шиповский.

 

Ендеше, еліміздің – Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметкерлерінің құрама командасына сәттілік, жеңіс тілейік!

                                                                                              Меруерт Сафаева

                                                     Пікірлерді жазып алған Батырхан Қуатбек

 

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"