Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

Орынборда туып-өскен қандасымыз Дамир Исмағұлов ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-дегі өзінің тұсаукесер кездесуін жеңіспен аяқтады.

Аделайда қаласында өткен бәсекеге ол қазақтың әнімен және Қазақстан мен Ресейдің туын ұстап шықты. Осы күнге дейін алты жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен жергілікті спортшыАлекс Горджеске қарсы кездесу үш раундқа созылды. Бәсекенің басынан аяғына дейін өте сауатты қимылдаған Дамир күмәнсіз жеңіске жетті. Қандасымыз тік тұрып айқасқанда да, күресте де қарсыласына қарағанда әлдеқайда алымды көрінді.

Барлық төрешілер қазақтың қайсар ұлының мықтылығын бірауыздан мойындады. Есеп – 30-25, 30-26 және 30-26.

Осылайша, Исмағұловтың есімі әлемдегі ең үздік промоушнде жеңіске жеткен тұңғыш қазақ спортшысы ретінде тарихта қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 жастағы Дамир Исмағұловтың осы спорт түрін серік еткелі төрт жылдан енді асты. Сол уақыт аралығында ол 19 мәрте айқас алаңына шығып, 17 рет жеңіс тойын тойлады. 10 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Қазақ спортшысы кезінде Ресейдің М-1 Global нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"