Чемпиондар әскер қатарына қабылданды

Рио Олимпиадасының чемпиондары Дмитрий Баландин мен Ниджат Рахимов Қазақстан армиясы қатарына қабылданды. Бұл  туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«26 желтоқсан күні Алматы қалалық қорғаныс істері департаментінің жиын бөлімінде әскер қатарына шақырылушылардың салтанатты жиыны өткізілді. Шақырылғандардың арасында – екі олимпиада чемпионы да бар. Олар жүзгіш Дмитрий Баландин және ауыр атлет Ниджат Рахимов»,- деп хабарлады қалалық қорғаныс істері департаменті.

Жыл сайын Алматыда 2 мыңға жуық жігіт әскер қатарына шақырылады. Бұл жолы шақырылған 50 ер жігіт Астана қаласындағы әскери бөлімге борыштарын өтеу үшін аттанады.

Салтанатты жиын кезінде олимпиада жеңімпаздары қарумен саптық әрекеттер жасады. Дмитрий Баландин өз кезегінде барлық шақырылғандарға сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, екі чемпион да әскер қатарына шақыру қағазын олимпиадаға дейін алған болатын.

«Әр адам өз отанына қызмет етуі тиіс. Армия – әрбір ер адам өтуі тиіс мектеп. Мен бұған әрқашан дайынмын және бүгін әскери форманы да ерекше мақтанышпен кидім», – деді Рахимов.

Айта кетсек, Дмитрий Баландин Рио олимпиадасында 100 метрге жүзу сынында олимпиада алтынын иеленді. Ал, Ниджат Рахимов ауыр атлетикадан 77 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түскен болатын.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"