Қарағандыда өткен жабық үй-жайларда Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының кубогында армиялық спортшылар кезекті жеңіске қол жеткізді.
Сайысқа республикамыздың 7 өңірінен 150-ден аса спортшы қатысты. Жабық үй-жайлардағы президенттік көпсайыс 4 пәнді қамтиды. Ол: пневматикалық қарудан оқ ату, 100 м жүзу, 60 м спринт, 2000 м төзімділікке жүгіру. Сайыс қорытындысы бойынша аға лейтенант Максим Губарев жеке есепте бірінші орынды, келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Ағыбай Нығыметов екінші орынды еншіледі.