«Батыс» өңірлік қолбасшылығында "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті

Таяуда Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жігіт сұлтаны» жастар байқауы өтті. Оған «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қатысты.

 «Жас қоғам» қорының ұйымдастыруымен бастау алған «Жігіт сұлтаны» байқауының алғашқы турында ұлттық ойындар ойналды. Қатысушылар «Құлагер» кешеніне жиналып садақ ату, асық ойнау, киіз үй тігу, мал жіліктеу және атпен мәнерлеп жүру сайыстарынан өтті. Қатысушы жігіттерді өз ісінің мамандары бағалады.

Ал, байқаудың екінші туры әскери дайындыққа арналды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 41433 әскери бөлімінде қатысушылар автомат шашып, қашықтыққа жүгіріп, әскери жаттығулар жасады. Оларды 1 сыныпты сержант Бейсалиев Беглан Дәулетбекұлы және әр саланың мамандары бағалады. «Жүзден жүйрік» атанғандар іс-шара соңында марапатталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"