Азия чемпионатында грек-рим күресінен армия балуандары чемпиондар мен жүлдегерлер атанды

Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында күрестен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Балуандар грек-рим күресінен сайысты бірінші болып аяқтады.

Әскер спортшылары грек-рим күресінен екі алтын, екі күміс және екі қола медаль олжалады.
Өз салмақтарында Әлімхан Сыздықов (130 келі) және Мейіржан Шермаханбет (67 келі) жеңіске жетті.
Күміс жүлдені Аманғали Бекболатов (55 келі) және Мақсат Ережепов (77 келі) еншіледі.
Жеңіс тұғырының үшінші сатысынан Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келіге дейін) пен Ернар Фидахметов (60 келіге дейін) көрінді.
Азия чемпионатында грек-рим стилінде сайысқан 10 қазақстандық балуанның 6-ы Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының өкілдері екенін айта кеткен жөн.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"